Байғанаева Гульмира Елеубековна

Тегі, аты, жөні:  Байғанаева Гульмира Елеубековна

1976 жылдың 3 қаңтарында  Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі -жоғары, 1993 жылы Х.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне түсіп, 1997 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін "Кәсіби еңбекке оқыту" мамандығын бітірді. 1997-2003 жж. Шымкент қаласындағы Т. Тәжібаев атындағы №47 жалпы орта мектебінде "Еңбек" пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2005 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті, "Сәндік өнер" кафедрасына лаборанты.  Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің, кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында оқу шебері қызметін атқаруда.