Ғылыми жұмыстар

Шетел тілдері  кафедрасының оқытушы профессор құрамы  «XXI ғасырдағы мәдениет аралықтағы лингвистиканың  өзекті мәселелері: Туыс емес этникалық топтардың мәдениетаралық қатынастары; Қазақ және орыс этникалық топтарының вербалды коммуникациясы; Қазақ және орыс этникалық топтарының вербалды емес коммуникациясы» бағытында ғылыми жұмыстар жүргізіеді.

2015-2016 оқу жылының қараша айында кафедра оқытушы құрамы ОҚМПИ –да «Бес институциалдық  реформа – ел дамуының кепiлi» атты халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияға қатысып, баяндамалар жасалынды Конференция жинағында кафедраның профессор оқытушы құрамының   9 мақаласы жарық көрді.

Кафедра оқытушыларыжүйелі түрде  ОҚМПИ «Хабаршы» ғылыми журналына, G-Global - ғылыми интернет-ресурсында өз мақалаларын жариялап тұрады.

Желтоқсан айында Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті  ұжымымен біріге отырып, «Педагог мамандарды дайындауда өзіндік жетілу, өзіндік даму- құзыретті мамандарды қалыптастыру үдерістері» тақырыбында онлайн –конференция өткізу жоспарланып отыр.