Жетістіктер

Шетел тілдері кафедрасының оқытушы  құрамы

2012-2013 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына арналған «Көптілді білім беру негізінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Конференцияның мақсаты-Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу, үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау. Конференцияда ұстаздарды даярлаудағы академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар, педагогикалық мамандар дайындаудағы көптілділік және инновациялар, Қазақстан білім беру жүйесіндегі қоғамдық-гуманитарлық пәндердің өзекті мәселелері, жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары, кәсіби-шығармашылық мамандарды заманауи тұрғыда дайындаудың жолдары қарастырылды.

Кафедраның ғылыми бағыттары: педагогикалық мамандар даярлаудағы көптілділік және инновациялар, салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі, мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы, шетел тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері (ағылшын тілі).     

         2012 жылдың 24 қазанында   ОҚМПИ-дың Шетел тілдері кафедрасымен біріге отырып,  «Inter Press» компаниясы Oxford University Press –тің қолдауымен ағылшын тілінің оқытушыларына оқытудың заманауи әдістерімен таныстыруға арналған тренинг-семинар өткізді. Семинарды  Headway,  Happy Series оқулықтарының авторларының бірі, Оксфорд  Мұғалімдер Академиясының ұстазы Билл Баулер жүргізді. Семинарға қаланың жоғарғы оқу орындарының ағылшын тілінің оқытушылары қатысты. Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. 

Оксфорд  Мұғалімдер Академиясының оқытушысы Билл Баулер Шетел тілдері кафедрасы оқытушыларымен

Елбасы Жолдауындағы «Тілдердің ұштұғырлығы» мәдени жобасы бойынша қойылған нақты мақсаттарды іске асыру аясында кафедра құрамының ұйымдастыруымен факультетаралық дәстүрлі «Тіл-дарын», «Полиглот» сайыстары өткізіліп отырады.

Доктор Вальтер Фризен (Германия) на занятии со студентами 

Визитинг-профессор Вальтер Фризен ОПҚ-мен пресс-конференцияға қатысу барысы