"Айка" фильмін тамашалады

22.02.19

ОҚМПУ-і студенттері "Канн" кинофестивалінің жүлдесіне ие болған "Айка" көркем фильмінің Шымкент қаласында өткен тұсаукесер көрсетілімін тамашалады. Олар көрсетілімнен соң фильмнің басты кейіпкерін сомдаған актриса Самал Еслямовамен  жүздесіп, ықылас гүлін сыйлады. Сондай-ақ фильм режиссері Сергей Дворцевоймен де пікірлесті. Әңгіме барысында студенттер туындыны түсіру кезеңдері, шығарманың көркемдік шешімі, актерлардың шеберлігі жайына қанықты.