Маликова Ақерке Әділханқызы

Маликова Ақерке Әділханқызы 1991 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 2012  жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  институтының Филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. Сол 2012 жылдың маусым айынан бастап аталған оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына лобарант қызметіне орналасты.

Институт бітіргеннен кейін еңбек жолын оқытушы, хатшы-референт болып бастады. 2013 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  педагогикалық институтында  қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының магистр-оқытушы, Ә.Байтанаев атындағы кабинет меңгерушісі, ректордың көмекшісі, жаңа технология және өнер факультетінің декан орынбасары, С.Ерубаев атындағы «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігінің жетекшісі қызметтерін атқарған. 2015 жылы 6М011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі атанып,  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің педагогикалық біліктігін  арттыру орталықтарында білімін толықтырған.

2012 жылдан бері өлеңдері мен мақалалары аймақтық, облыстық баспа беттеріне жарық көре бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Сен жанбасаң лапылдап» облыстық жыр мүшәйрасының 2-орын, ақиық ақын Әбілда Аймақты еске алуға арналған  «Білесің бе, өлеңнің жүрегінде қазақ дейтін ғажайып ел жатқанын...» атты мүшәйрада жүлделі 3-орын иеленген. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Оңалбай Аяшевтің «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы» құрметіне, «Ұстаздар» күні құрметіне берілген арнайы алғыс хаттарымен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Ішкі саясат басқармасының атынан «Тәуелсіз еліміздің қоғамдық-саяси дамуына және тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен марапатталған.