«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» Алаңы ашылды

19.02.19

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Педагогикалық университетінде «Рухани Жаңғыру» алаңы ашылды. Студенттер үйінің іргесінде орналасқан орталық шәкірттерге сарқылмайтын білім мен ортаймайтын қазақы құндылықты дәріптейді.

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі.  Болашақтың нақты бағытын көрсететін маңызды құжат. Осыны ескерген университет ұжымы «Рухани жаңғыру» алаңын ашып, ұлт болашағы - білімді жастарға сара, дара  жол сілтеді.

Баршагүл Исабекова – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры

Енді осы алаңда барлық факультеттің студенттері өздерінің ісшараларын өткізетін болады. Бұл біздің рухани жаңғыруымызға септеспек...

Сарқылмайтын суат, тартылмайтын бұлақ жоқ. Қоршаған ортаның ортаймайтыны - тек рухани құндылығы қана. Жаңа нысан ашылғаннан кейін көпшілік алаңды түгел аралап көрді. Ондағы тәуелсіз еліміздің, Түркістан өңірінің жетістіктерінен ұлттық құндылықтардан хабар беретін экспозициялық дүниелерді тамашалады.

Мархаббат Байғұт – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы

Қазақта әдемі сөз бар. Бағалай білмегенге бақ қонбайды. Қуана білмегенге құт дарымайды деген. Көп нәрсеге қуана білмейді екнбіз да. Бүгінгі мына рухани жаңғыру алаңы біздің жастарға жақсы ұлағатты жол көрсететін алаң болып отыр.

Алаң ашық аспан астында орналасқан. Енді бұл маңда студенттер «Қоғамдық сананы жаңғыртуға» бағытталған шараларын өткізіп тұратын болады. Сондай-ақ, мұнда бағдарламаға байланысты ұсыныстар талқыланып, идеяларды жүзеге асыру жоспарлары түзілмек.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ