Оқу әдістемелік жұмыстар

Оқу әдістемелік жұмыстар

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

      ҚР БжҒМ «Өрлеу»  біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің  2019 жылдың 5 қыркүйегіндегі № 14-3/1330 хатына сәйкес 2019 жылдың 28.10.2019 - 08.11.2019 ж. аралығында   онлайн сабақтар, 11.11.2019 - 05.12.2019 ж.  күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтілген  «Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына өтуіне байланысты  жоғары  оқу  орнының оқытушы- профессорлар құрамының кәсіби құзыреттілігін  жоғарылату» оқыту бағдарламасы бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р.Б.Кажиакбарова, аға оқытушылары Ұ.Ж.Қайырбекова, А.С.Пазылова, магистр-оқытушысы А.Маликова біліктілікті арттыру курсын 240 академиялық сағат көлемінде аяқтады. Латын әліпбиінің емле ережелері жөнінде 240 сағат көлеміндегі аудиториялық  оқыту тренингтеріне қатысып, тәжірибе алмасты.  Курс барысында  латын әліпбиінің зерттелуі, негізгі орфографиялық заңдылықтар, дәстүрлі оқыту жүйесінде қалыптасқан «дайын білімді ұсыну» концепциясынан «білімді өз бетінше ізденіспен біріктіре отырып орнықтыру» концепциясына қатысты қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы көптеген материалдар ұсынылды, мұның барлығы ТОӨЖ, тренинг сабақтарында тәжірибе жүзінде іске асырылды. Оқу барысында төмендегідей тақырыптар қамтылды: қос, қысқарған сөздердің, шеттілдік сөздердің емлесі, әріптердің емлесі, түбір сөздер мен қосымшалардың емлесі, бөлек және бірге жазылатын сөздердің емлесі, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, бас әріптердің емлесі және оны оқыту әдістемесі, білім берудің инновациялық технологиялары интерактивті оқыту, оқытудағы саралау әдісінің теориялық негіздері, сыни ойлауды дамытуды технологиясы.

       

 

   

 

Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде- ұлт та ұлы бола алмайды деп ұлттың ұлы перзенті Ғабит Мүсірепов айтқандай, әдебиет әлемі біздерге ашылған үлкен қақпа екені сөзсіз. Иә, осы орайда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде қараша айының 27-жұлдызында  Ибрагимова Жанат Абуталиповнаның жетекшілігімен, филология факультетінің 6В01701-49,  6В01701-39 оқу тобының студенттері "Поэтикалық айшықтау және олардың ерекшеліктері" атты ашық сабақ өткізді. Әдебиеттің әсемдігң байқалатын бұл тұстың 1-бөлімінде студенттер ақиық ақын, Хантәңірінің Мұзбалағы Мұқағали Мақатаев өлеңдерін талдап, пікірлерін ортаға салды, өзіндік әдеби сын қалыптастырып, қазақ поэзиясын жан жақты зерделеп көрсетті. 2-бөлімінде Қызылтаудың қыраны, көрнекті жазушы Ж.Аймауытовтың қалың жұртшылыққа таныс  "Ақбілек" романынан шағын қойылым қойып, сол кезең мен бүгінгі күнді салыстырып, талдау жасады, өз көзқарастарын білдірді.  Ашық сабаққа филология фауультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мамыт Амангелді Алтыбайұлы, сонымен бірге  магистр-оқытушы Қуанбаева Жанар Сұлтанбекқызы қатысып, студенттерге өзіндік бағасын беріп, түпсіз терең алып мұхит- әдебиет әлемінен сыр шертіп, өз ойларымен бөлісті. 

     

Оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты: ф.ғ.к., доцент  Р.Б. Кажиакбарова            

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША МӘЛІМЕТ

      Кафедраның білім мазмұнын анықтайтын құжаттармен қамтамасыз етілуі:  

5В011700 – «Қазақ тiлi және әдебиетi»  мамандығы    бойынша: 4,3,2,1 курс – ҚР Мемлекеттiк  жалпыға міндетті білім беру стандарты ГОСО РК3.08.385-2010.

5В012100 – «Казак тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» 4,3,2,1 курс – ҚР Мемлекеттiк  жалпыға міндетті білім беру стандарты. ҚР МЖМБС 6.08.077-2010.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР МҚЖҚС 03.08.26 – 2012 типтік оқу жоспары бар, оқу жоспары соның негізінде жасалған.

      5В011700 – «Қазақ тiлi және әдебиетi», 5В012100 – «Казак тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы салалары бойынша Білім және ғылым министрлігі бекіткен (Абай атындағы ҚазҰПУ ұсынылған типтік бағдарлама негізінде жасалынды. Алматы, 2012ж. Республикалық оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде қарастырылып бекітілген.  №18 хаттама, 15.05.2012ж.). 

    Кафедра пәндерінің типтік оқу бағдарламасы,  оқу бағдарламасы және жұмыс оқу бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Жеке оқу жоспарлары мен элективтік пәндер каталогы жасалынған.

      Кафедра оқытушылары ф.ғ.к. Сапарбаева Қ.Ж., Бегалиева Р.Н., Р.Б.Кажиакбарова Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген республикалық біліктілікті арттыру курстарына (23.11.2015 ж.- 05.02.2015ж.) қатысып, сертификатқа ие болды. 

 

Оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі мәліметтер.

 

 

Оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік  жұмыстарының көрсеткіші

       Оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі мәліметтер.

       Кафедра оқытушылары ф.ғ.к., аға оқытушы Қ.С.Алтынбеков, ф.ғ.к., доценті Р.Б.Кажиакбарова,  ф.ғ.к., аға оқытушылар А.А. Мамыт, ф.ғ.к. Т.Қ.Омаров, А.А.Жаппаркулова,  аға оқытушылар А.С.Пазылова, Г.Қалтайқызы, А.Ә.Маликова «Өрлеу» Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсын  (240 сағат) 2016 жылы бітіріп шықты.

    

 

      Кафедрадан Ф.ғ.к. Н.Ж.Нұрпейісов, ф.ғ.к. А.А.Мамыт, ф.ғ.к. Қ.С.Алтынбеков «Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру»  тақырыбы бойынша оқыту семинарына қатысып сертификатқа ие болған.  (Сертификат № 5437176-0000-15-06, 07,08, 09, 10).

      Кафедра доценті, ф.ғ.к. Р.Б.Кажиакбарова  Алматы қаласында өткен Білім ақпарат-тандыру  педагогикалық технология орталығында өткен «Электронды оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру» атты оқыту семинарына қатысып сертификат алған (2016 ж.)

 

 

      Ф.ғ.к. Н.Ж.Нұрпейісов, Қ.С.Алтынбеков, Т.Қ. Омаров Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі өткізген «Мамандандырылған аккредитация шеңберінде жоғары оқу орнының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» семинарына қатысып сертификаттарына ие болған: (Сертификат № 0295,0296, 0297), 10.10.2014 ж.      Кафедра профессор-оқытушылардың дербес оқу әдiстемелiк жұмыстарының орындалуы  аталған жоспарларда жан-жақты үлгілерімен ерекшеленеді: кафедраның алғашқы мәжілісінде сондай-ақ жұмыс бағдарламалары, силлабустарың талқыланып бекітілуге ұсынылады; арнаулы курстар мен семинарлардың тақырыптары, оқу бағдарламалары, жұмыс бағдарламалары, курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары талқыланады, СӨЖ ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, ашық сабақтар өткізу кестесі түзіледі; Оқу-әдістемелік бағыт бойынша профессор-оқытушылардың баспадан шығарылатын оқулықтары, оқу құралдары және оқу-әдiстемелiк нұсқауларының көлемi жоспарланып, орындалады. Жаңа оқу жылындағы оқу-әдiстемелiк бюро жұмысының бағыттары: кафедраны әдiстемелiк құжаттарымен қамтамасыз ету; бiлiм департаментiмен, үздіксіз білім жетілдіру институтымен және мектептермен байланыс жасау.

       

 

 

       

 

  

 2016 оқу жылының бірінші жартысында кафедрадан ф.ғ.к., Қ.С.Алтынбеков, ф.ғ.к., А.А. Мамыт, ф.ғ.к., доцент Г.Б.Маханова, ф.ғ.к., Т.Қ.Омаров аға оқытушылар Г.Қалтайқызы, Г.Е. Исабекова, А.Ә.Маликова  «Өрлеу» Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсын (240 сағат) бітіріп шықты. Ф.ғ.к. Н.Ж.Нұрпейісов, ф.ғ.к. А.А.Мамыт, ф.ғ.к., доцент  Г.Б.Маханова, п.ғ.к., доцент  О.А.Стычева, ф.ғ.к. Қ.С.Алтынбеков «Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру»  тақырыбы бойынша оқыту семинарына қатысып сертификатқа ие болды (Сертификат № 5437176-0000-15-06, 07,08, 09, 10) 16.02.2015 ж.  Доценттер Стычева О.А., Маханова Г.Б., ф.ғ.к., аға оқытушы Омаров Т.Қ. «Как находить журналы с импакт-фактороми Еhomson Reuters» для научных исследований Дарьи Бухтояровой семинарға қатысып сертификат алды. Доцент Маханова Г. Б., аға оқытушы  Исабекова Г.Е. «Современный научный потенциал» атты семинарға қатысып сертификат алды (Шеффилд, Великобритания) 28.-7.03.2015., ф.ғ.к. Н.Ж.Нұрпейісов, Қ.С.Алтынбеков, Т.Қ. Омаров Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі өткізген «Мамандандырылған аккредитация шеңберінде жоғары оқу орнының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» семинарына қатысып сертификаттарына ие болды: (Сертификат № 0295,0296, 0297), 10.10.2014ж. Әрбір оқу жылының басында дәстүрлі түрде кафедра жұмысы 4 бағыт бойынша жоспарланып (оқу-ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстары) кафедраның алғашқы мәжілістерінде бекітіліп отырады.  Кафедра профессор-оқытушылардың дербес оқу әдiстемелiк жұмыстарының орындалуы  аталған жоспарларда жан-жақты үлгілерімен ерекшеленеді: кафедраның алғашқы мәжілісінде сондай-ақ жұмыс бағдарламалары, силлабустарың талқыланып бекітілуге ұсынылады; арнаулы курстар мен семинарлардың тақырыптары оқу бағдарламалары, жұмыс бағдарламалары, курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары талқыланады, СӨЖ ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, ашық сабақтар өткізу графиктері түзіледі; кафедралардың әр мәжілісінде профессор-оқытушылардың лекция  мәтіндерін талқылап отыру да жоспарланып, орындалады. Оқу-әдістемелік бағыт бойынша профессор-оқытушылардың баспадан шығарылатын оқулықтары, оқу құралдары және оқу-әдiстемелiк нұсқауларының көлемi жоспарланып, орындалады.

Кафедраның әдiстемелiк кеңесiнiң құрамына 12 оқытушы кiредi. Олар: ф.ғ.к., Н.Ж. Нұрпейісов, А.А.Мамыт, доцентер: Абдыханов У.К., Стычева О.А., Маханова Г.Б., Ибрагимова Ж.А., Н.Сандыбаева, ф.ғ.к., аға оқытушылар: Сапарбаева Қ.Ж., Алтынбеков Қ.С., Әділова Ш.Д., Омаров Т.Қ., Жаппарқұлова А., аға оқытушылар Исабекова Г.Е., Г.Қалтайқызы.  Жаңа оқу жылындағы оқу-әдiстемелiк бюро жұмысының бағыттары: кафедраны әдiстемелiк құжаттарымен қамтамасыз ету; бiлiм департаментiмен, үздіксіз білім жетілдіру институтымен және мектептермен байланыс жасау.

Оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік жұмыстарының көрсеткіші

     

             

Кафедрада 2015-2016 оқу жылының жарты жылдығында Г.Б Маханова «Русское устное народное творчество», «Зарубежная литература ХХ века»  атты лекция жинағын, Г.Е Исабекова «Древнерусская литература» атты оқу-әдістемелік құрал  қазан айына, О.А. Стычева «Введение в педагогическую специальность» атты электрондық оқу-әдістемелік құрал, Қ.С.Алтынбековтың «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты оқу-әдістемелік құрал, Т.Қ. Омаров  «Бұқар жыраудың әдеби мұрасы» атты көмекші оқу-құралы қараша айларына жоспарлап, орындады.

    

ОПҚ-ның баспадан шығарылған жұмыстарының саны

Кафедра Оқулықтар саны Оқу құралдары саны Оқу-әдістемелік құралдар саны Электрондық оқу құралдары саны Оқу-әдістемелік нұсқаулар саны Оқу бағдарламалары
Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы         4        8        16          1         9             28