Диплом бойынша

Арыстанбеков Ержан

Саламатсыздар ма? Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығында «білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері» атты тақырыбындағы біліктілікке қойылатын талаптарда көрсетілгендей, біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс деп көрсетілген. Сонда жоғары оқу орындарын аяқтап, «Информтика», «физика», «биология», «химия», «математик» бакалавры деген диплом бойынша білім беру мекемелерінде атлған мамандықтар бойынша сабақ бере алады ма және де ол педагогикалық білімге жатады ма?

Жауап: 

Құрметті Арыстанбеков Ержан! Егер сіз көрсеткен мамандықтардың шифры 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 5В011200-Химия, 5В011300-Биология болған жағдайда олар орта (мектептер), кәсіптік және техникалық (колледждер) білім беру мекемелерінде сабақ бере алады және педагогикалық білім болып табылады.