Сманов Ілесхан Сманұлы

Сманов Ілесхан Сманұлы

       Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,

    ардагерлер кеңесінің төрағасы  педагогика ғылымдарының докторы,

 профессор

1949 жылы ОҚО Қызылқұм ауданы Отырар бөлімшесінде туған. Шымкент педагогика институтын (1973), ҚазҰУаспирантурасын (1990) бітірген. 1990 жылы Алматы қаласында кандидаттық диссерациясын, 2000 жылы Мәскеу қаласында докторлық диссерациясын қорғаған, 2008 жылы ЖАК профессоры.

2006-2008 жж. Қ.а. Исауи атындағы ХҚТУ Президентінің кеңесшісі.

Қазақ КСР Оқу министрлігінің мақтау грамотасымен (1979,1980,1981,1982,1983), Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен (2006), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»  төсбелгісімен (2007) марапатталды. ҚРБҒМ-нің «2008 –үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 2012ж. «ҚР ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2013 ж.  ЖОО-ның білім саласына еңгізген жаңашыл жұмыстары үшін Ресей Федерациясы жаратылыстану ғылымдары академиясының алтын медалімен, 2013жылы  « Отандық ғылымның алтын қоры»  ұлттық бағдарламасының «LABORE ET SCIENTA – трудом и знанием» орденімен марапатталды. 2017 ж. Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталды. 2018 ж. «Яссауи жылы» медалімен мараптатталды.

280 астам ғылыми-практикалық жұмыстары жарияланған. Соның ішінде 3 монография, 17 кітап, 1 слайдфильм «Зачем человеку искусство» (Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы. Алматы қ.) 2014 жылы 18,5 б.т. жастардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында даярланған «Қасқырдың беймәлім құпиялары» атты кітабы жалпы оқырман қауымға ұсынылды.

«Мәңгілік құндалықтар» атты үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) кітабы ҚРБҒМ тапсырмасымен жарық көріп, Мәскеу, Санк-Петербург, Франбурк, Пекин, Париж, Лондон, Минск, Алматы т.б. қалаларда өткен бүкіл дүниежүзілік кітап көрмелеріне қатысып арнайы сертификаттар алды.

Кітап Мәскеу, Париж, Лондон, Александрия кітапханасы, Астана, Алматы, Шымкент кітапханалары кітапқорларына сақтауға алынған.