Жетістіктер

ҚР БҒМ Ғылым комитеті а.ж. 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін   6 атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендиялардың жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырды. Конкурстың нәтижесі бойынша «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы   «4» желтоқсандағы № 517 бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Мыңбаева Ақбілек Пазылханқызына жас ғалымдардың стипендиясы тағайындалды.

Білім беру саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан, шәкірттерінің жүрегінен орын алған Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.к. Қайырбекова Ұлбала Жұматқызы мен Пазылова Алмагүл Советханқызы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен байқаудың  нәтижесінде «Қазақстанның құрметті ұстазы» атанды.

 

Қазақтың ұлттық рухын асқақтатып жүрген, өлең-сөздің майталманы айтыскер ақын, кафедрамыздың аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, филология факультетінің деканы Жаппарқұлова Анар Абусайылқызын «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен құттықтаймыз.

Кафедрамыздың оқытушысы Наралева Шахло Жамалқызы Қазақтан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуда қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен наградталды.

«Ахыска» Түріктерінің Қазақстанға қоныстануына 75 жыл толуына орай Құрбанов Агапаша Гүләләұлы төс белгісімен марапатталды

   

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақ орыс филологиясы және журналистика кафедрасы 2019 жылдың 25-26 сәуірінде 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында ХІ Республикалық пәндік олимпиада өткізді. Бұл шара еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Жолдау: 2019жыл – Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды.

«2019 жыл – Жастар жылы» аясында өткізілген Қазақстан Республикасы ЖОО  студенттерінің  ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті білім деңгейін, біліктілігін анықтауға бағытталған.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 3-4 курс студенттері ішінен 3 студентті іріктеп, олимпиадаға жіберді. Олар: 4-курс 117-25 оқу тобының студенті Ысырайыл Ұлжалғас, 3-курс 11716 оқу тобының студенттері Ордабек Аида, Исмайл Гауһар. Топ жетекшісі – кафедраның аға оқытушысы Пазылова Алмагүл Советханқызы.

Республикалық пән олимпиадасының тапсырмалар жүйесі төмендегідей ретпен жүргізілді:

1-кезең. Таныстыру

2-кезең. Тест тапсырмаларын орындау

3-кезең. Эссе жазу

4-кезең. Жоба қорғау

4-кезең бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінен барған «Зерде» тобы 25 команда ішінен 3-дәрежелі дипломға ие болды. ОҚМПУ ректоры Оңалбай Аяшұлына, топ жетекшісіне алғыс хат, қатысушы студенттерге сертификат табыс етілді.

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы  бойынша ҚР ЖОО студенттерінің ХІ Республикалық пән олимпиадасының студенттеріміздің теориялық және практикалық білім деңгейлерін анықтауда, кәсіби-интеллектуалдық әлеуетін танытуда, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдауда мәні зор болды. 

 

 

  

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ЖЕТІСТІКТЕРІ

5.04.2019 ж. күнгі өткен Жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушыларының арасында өткен «ЖАСТАР ЖАҢАЛЫҒЫ» атты Республикалық ғылыми жобалар байқауында кафедрамыздың аға оқытушысы, ф.ғ.к. Қ.С. Алтынбековтің жетекшілігімен 121-17 оқу тобының студенті Дошан Ұлмекеннің «Қазақ фольклорындағы жылқыға қатысты деректер, олардың қазіргі қоғам дамуындағы маңызы» деген тақырыпта дайындаған ғылыми жобасы  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және ІІІ орын иеленгені үшін 50 мың теңгенің сертификаты табысталды.  Осы жобаға қатысушы 117-17 оқу тобының студенті Әбжаппар Оразкүлдің кафедрамыздың аға оқытушысы, ф.ғ.к. Қ.С. Алтынбековтің жетекшілігімен орындаған  «Абайдың еңбектің толық адам қалыптасуындағы орны мен қоғамдық мәні жөніндегі ой-тұжырымдары» атты ғылыми жоба жұмысы Алғыс хатпен марапатталды.

          

         

08.11.2018ж. күні Филология факультетінің ұйымдастырумен  «Ашық есік күні» аясында «ҰСТАЗ- ҰЛЫ ЕСІМ» тақырыбында оқу орнымыздың  түлегі ф.ғ.к., доцент Әбішқызы Динаида ұстазбен кездесу кеші өтті. Аталмыш іс-шараны «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі А.Мамыт жүргізді. Кафедра жанынан ашылған «Сыр сандық» бірлестігінің мүшелері (Омар Бақыт, Махашов Бақжан, Бектан Нұржамал, Султамуратова Гүлнұр, Қалжан Әселхан, Зейілхан Гүлмира, Пернебекова Әйкерім, Балқыбек Нұрислам) «Қабыл ал, жүрек сәлемін» тақырыбында композициялық жыр шумақтарынан шашу шашты. Магистр-оқытушы Маликова Ақерке ұстазға арналған өз шығармашылығына арнау оқыды.

08.10.2018ж. күні сағат 15:00-де Бас ғимарат 221-дәрісханада лирик ақын Әлімжан Әлішермен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне қатысқандар ақын жанды, рухани әлемі бай студент жастар. Жас ақынның шығармашылығына әуес ұл-қыздар өлеңдерін жатқа айтып жатса, біршамасы салмақты пікір-сұрақтарын қойып отырды. Әдеби кештің жүргізушісі ф.ғ.к., аға оқытушы Қ.Сапарбаева.

05.10.2018ж. күні сағат 12:00-де «С» ғимарат 221-дәрісханада  «Сайыпқыран ақын» тақырыбында ақын, ғалым, оралман, «Түсіме тау кіреді» және «Түркі-монғол эпостарының сюжеттер типологиясы» кітаптарының авторы Ерболат Баятұлымен әдеби танымдық кездесу кеші өтті. Арнайы бағдарлама жасалып, бірлестік мүшелері өз өнерлерін көрсетті. Болашақ айтыскер ақынымыз 117-18 оқу тобының студенті Пердебай Ералы арнауын айтып, жазба ақындарымыз Б.Омар, М.Тайыр, Б.Уалихан, Б.Махашов шығармашылығымен бөлісті. Әнші ұл-қызымыз Ж. Сазанбекова мен Ағабек Нұржан «гитара» ішек аспабымен жыр шашуын шашты.

   

ОҚО Жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Парымбекованың сұраныс хаты негізінде  27.09.2018ж. күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Үш қаламгер – үш ой-пікір» атты онлайн конференциясына төмендегі студенттер қатысып, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы және жазушы Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабы бойынша оқығандағы алған әсерлерін Қарағанды облысы және Шығыс Қазақстан облысы студенттерімен бөлісті:

 

             Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты 117-17, 117-27, 205-17 оқу топтарының ұйымдастыруымен (Топ тәлімгерлері –   ф.ғ.к. А.А.Мамыт, ф.ғ.к., доцент Кажиакбарова Р.Б.)  2018 жылдың 26 қарашасы күні № 3 Студенттер үйінде жастарға арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты әдеби-музыкалық  кеш өтті. Студенттерді ізденгіштікке, өнерге баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, өз уақытын тиімді пайдалануға, студенттік кезеңде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу мақсатында өткізілген әдеби-музыкалық кеште студенттер әдебиетке құштарлықтарын танытып,  жан-жақты өнерлерін көрсетті. Ақындар К.Ахметова, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев жырларын жатқа оқумен  бірге төлтуындыларын да ұсынды.

 

Бастары қосылса жырымен жаулайтын,

Сөздерін мәнерлі әзілмен жалғайтын,

Күлетін, білетін бәрін де жүрекпен,

Жақсылар мақтайтын шығармай жүректен!

Ашық қой аспаны қосылса бастары,

Мінекей, ортада Филфактың жастары!

 

 

дей келе студенттердің алғаш рет оқу орнына келген 1 курстан бастап 4 курсқа дейін қандай өзгерістерде болатынын, студенттік балғын шақтың балдай тәтті сәттерін көрерменнің көз алдына келтіріп өтті. Облыстық деңгейдегі  "Арай" байқауының жүлдегері атанған факультеттің мақтанышы Нәлжігіт Ақнұрдың гитарада «Өзіңді аңсап» әнін орындады.

       Студенттік өмір — «МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» дей отырып, жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты шығармасынан көрініс қойды. Оқу ордамыздың, филология факультетінің мақтаныштары, «Нұр-шаңырақ» театрының негізін қалаған жас актерлар: Пазыл Санат Ерболдың, Шаншархан Асылзат, Махкам Ақмарал Майраның рөлінде ойнап, көрермендерін тәнті етті.

 

Жат жерді жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды мүмкін, ағатайым.

Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым –

 

деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай өлең-сөздің қадірін тереңінен ұғынатын, қай-қайсысы болмасын өнерге жақын, жандары өлең десе, өнер десе алып-ұшып тұратын жас таланттар, филология факультеті 117-17; 117-27 оқу топтарының  студенттері – Пазыл Санат, Әнуар Оңдасын, Омар Бақыт поэзиялық жанрда өнерлерін көрсетті.    117-17 тобының студенті Акмурзаева Гүлмарал Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты әнді домбарымен нақышына келтіре орындады. «Студент  болу – жас адамға бақытты  болу  деген  сөзбен  тең» — деп  Тұманбай Молдағалиев айтқандай, студент жастар әдеби-музыкалық кештен рухани қанаттанып қайтты.

 

  

 

 

 

 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ

      Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында  студенттер арасында 2018 жылдың  14 наурызында 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ф.ғ.к., доцент Р.Б.Кажиакбарованың ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өтті. Бұл шара Елбасы Н.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауы аясында  ұйымдастырылды. Елбасы Жолдауы аясында өткізілген 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша пәндік олимпиада келешектегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін және студенттердің кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті білім деңгейін, біліктілігін анықтауға бағытталған. Пәндік олимпиада дарынды студент жастарды қолдап, олардың кәсіби құзыреттілігінің дамуына мүмкіндік жасайды.  «Ана тілі», «Жаңа леп», «Жас толқын», «Жас үміт», «Дарын» топтары өзара сайысқа түсті. 1-кезеңде студенттер өз топтарын кәсіби тұрғыдан таныстырды. 2-кезеңде жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша панорамалық сабақ өткізуден сайыс ұйымдастырылды. 3-кезеңде билет бойынша теориялық сұрақтарға жауап беріліп, практикалық тұрғыдан морфологиялық, синтаксистік, фонетикалық  талдаудан студенттердің теориялық білімдері мен танымдық деңгейлері анықталды. 4-кезеңде нақты тақырып бойынша эссе жазылды. Олимпиада топтық сынақ түрінде өтті, сондай-ақ, студенттердің жеке белсенділігі де ескерілді. Әділ қазылар мүшелері кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Қ.Ж.Сапарбаева, кафедра доценті Б.Қ.Омар, кафедра аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ш.Д.Әділова, ф.ғ.к, аға оқытушы Ұ.Ж.Қайырбекова, кафедра доценті Р.Б.Кажиакбарова студенттердің кәсіби құзыреттілігін және кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті білім деңгейін, біліктілігін анықтауда біліктілік танытты және әділ бағалады. 117-15 тобының студенттері Джорабаева Сымбат Сәбитқызы, Асан Назерке, Қасқабай Жанар, 117-16 тобының студентері Амангелді Айғаным, Асқарова Бану, 117-26 тобының студенттері Өскен Ұлжалғас Мұратқызы, Сыдықбай Мерейлі Дүйсенбекқызы   теориялық білім, кәсіби құзыреттілік тұрғысынан биік деңгейде көріне білді. Олимпиада барысында студенттердің  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық және практикалық білім деңгейі анықталып, кәсіби-инттеллектуалдық әлеуетін танытуына мүмкіндік жасалып, бәсекеге қабілеттілік дағдылары шыңдалды. Олимпиада қорытындысы бойынша озық шыққан студенттер іріктеліп, республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталды.

      

 

 

Тәрбие жұмыстары бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанынан құрылған С.Ерубаев атындағы «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігінен 2014-2015 оқу жылында ОҚО әкімдігі, Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында өткен «Студенттік шақ» фестивалі аясында «Көркем сөз оқу» байқауында Қазақ тілі мен әдебиеиті мамандығының 2-курс студенті (117-24) Ыбрақ Асылзат ІІІ орын иегері атанса, 2 қазан күні дәл осы аталған басқарамасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Қазақтың қилы тарихы" тақырыбындағы студент жастар арасынан сахналық қойылым байқауында М.Әуезовтің «Хан Кене» пьессасынан үзінді қойған студенттеріміз жүлделі ІІІ орынды алып, 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар  23 қараша айында өткен 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналаған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуді дәстүрге айналдырған институт ректоры, профессор Оңалбай Аяшұлының басқаруымен «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі!» атты ашық жас ақындар мүшәйрасында Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 2-курс Сарманова Лаура Бас жүлдені иеленді.

 

 

  

 

           

Талантты студентіміздің бірі 3-курс студенті Ақсақалов Дәурен 2014 жылдың 30 қыркүйек күні өткен Арыс қаласындағы «Мәңгілік ел – болашағымыздың бағдары» тақырыбында айтыс өнерінен Бас жүлдені иеленіп, қала әкімі С.Ертайдың дипломымен марапатталды. Ал, 26 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналаған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуді дәстүрге айналдырған институт ректоры, профессор Оңалбай Аяшұлының басшылығымен өткен «Елбасымен біргемін» атты 

мүшәйрадан 1-курс студенті Сарамнова Лаура І орын,  ал 4-курс студенті Ақсақалов Дәурен 27 қараша күні  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Республикалық   деңгейдегі айтыстан  бас жүлдені (200 000т) жеңіп алды.

ОҚО ішкі саясат басқарамсының және Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Сен жанабасаң лапылдап!» атты  облыстық жас ақындар мүшәйрасына кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушысы, «Сыр сандық» бірлестігінің жетекшісі А.Ә.Маликова қатысып, ІІ орынды (100 000т) иеленді.

2014 жылы Қоғамдық жұмыстарға қатысып, белсенділік танытып жүрген Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті Ақсақалов Дәурен  Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесі қарсаңында көркем сөз оқу шеберлігінін арттыру мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Жастар жырлайды» өнер додасында.

  

 

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың атынан ІІІ орын, ОҚО Мәдениет басқармасының басшылығымен өткен облыстық «Көмейден жырлар ағылсын» атты жас ақындар айтысында ІІІ орынды қанжығаға байлады. ОҚО «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұйымдастыруымен «Алаш ардақтылары және Мәңгілік ел» атты шығармашылық байқауды ІІ орын жүлдесінің жеңімпазы Н.Ж.Нұрпейісов марапатталды. 2012 жылдың 27 қыркүйек айында өткен «Бір ел – бір кітап» акция аясында А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қаладағы оқу орындары студенттерінің арасында өткен «Оралхан Бөкей оқулары» байқауында Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының 1-курс студенті Жамаділ Ғазизи ІІІ орынмен марапатталды.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

  

« ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында «Жас зияткер» номинациясы бойынша Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.А.Мамыттың жетекшілігімен Жаналиева Аңсаған І орын жүлдесімен марапатталды (2015ж. Астана).

   2015 ж. қарашада Германияда/Deutshland (LAMERT – Academic Publishing баспасында) к.ф.н., доцент У. Абдыхановтың «Роллан Сейсенбаев и мировой литературный процесс. Своеобразие отражения взаимоотношения народа и интеллигенции в прозе Р. Сейсенбаева» («Роллан Сейсенбаев және әлем әдебиетінің үдерісі. Р. Сейсенбаевтың прозасындағы халық пен интеллигенцияның өзара байланысын бейнелеуінің ерекшеліктері») монографиясы жарыққа шықты (16,25 б. т.).

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

 

 

                      

 

       

 

  

 2016 оқу жылының бірінші жартысында кафедрадан ф.ғ.к., Қ.С.Алтынбеков, ф.ғ.к., А.А. Мамыт, ф.ғ.к., доцент Г.Б.Маханова, ф.ғ.к., Т.Қ.Омаров аға оқытушылар Г.Қалтайқызы, Г.Е. Исабекова, А.Ә.Маликова  «Өрлеу» Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсын (240 сағат) бітіріп шықты. Ф.ғ.к. Н.Ж.Нұрпейісов, ф.ғ.к. А.А.Мамыт, ф.ғ.к., доцент  Г.Б.Маханова, п.ғ.к., доцент  О.А.Стычева, ф.ғ.к. Қ.С.Алтынбеков «Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру»  тақырыбы бойынша оқыту семинарына қатысып сертификатқа ие болды (Сертификат № 5437176-0000-15-06, 07,08, 09, 10) 16.02.2015 ж.  Доценттер Стычева О.А., Маханова Г.Б., ф.ғ.к., аға оқытушы Омаров Т.Қ. «Как находить журналы с импакт-фактороми Еhomson Reuters» для научных исследований Дарьи Бухтояровой семинарға қатысып сертификат алды. Доцент Маханова Г. Б., аға оқытушы  Исабекова Г.Е. «Современный научный потенциал» атты семинарға қатысып сертификат алды (Шеффилд, Великобритания) 28.-7.03.2015., ф.ғ.к. Н.Ж.Нұрпейісов, Қ.С.Алтынбеков, Т.Қ. Омаров Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі өткізген «Мамандандырылған аккредитация шеңберінде жоғары оқу орнының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» семинарына қатысып сертификаттарына ие болды: (Сертификат № 0295,0296, 0297), 10.10.2014ж. Әрбір оқу жылының басында дәстүрлі түрде кафедра жұмысы 4 бағыт бойынша жоспарланып (оқу-ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстары) кафедраның алғашқы мәжілістерінде бекітіліп отырады.  Кафедра профессор-оқытушылардың дербес оқу әдiстемелiк жұмыстарының орындалуы  аталған жоспарларда жан-жақты үлгілерімен ерекшеленеді: кафедраның алғашқы мәжілісінде сондай-ақ жұмыс бағдарламалары, силлабустарың талқыланып бекітілуге ұсынылады; арнаулы курстар мен семинарлардың тақырыптары оқу бағдарламалары, жұмыс бағдарламалары, курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары талқыланады, СӨЖ ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, ашық сабақтар өткізу графиктері түзіледі; кафедралардың әр мәжілісінде профессор-оқытушылардың лекция  мәтіндерін талқылап отыру да жоспарланып, орындалады. Оқу-әдістемелік бағыт бойынша профессор-оқытушылардың баспадан шығарылатын оқулықтары, оқу құралдары және оқу-әдiстемелiк нұсқауларының көлемi жоспарланып, орындалады.

Кафедраның әдiстемелiк кеңесiнiң құрамына 12 оқытушы кiредi. Олар: ф.ғ.к., Н.Ж. Нұрпейісов, А.А.Мамыт, доцентер: Абдыханов У.К., Стычева О.А., Маханова Г.Б., Ибрагимова Ж.А., Н.Сандыбаева, ф.ғ.к., аға оқытушылар: Сапарбаева Қ.Ж., Алтынбеков Қ.С., Әділова Ш.Д., Омаров Т.Қ., Жаппарқұлова А., аға оқытушылар Исабекова Г.Е., Г.Қалтайқызы.  Жаңа оқу жылындағы оқу-әдiстемелiк бюро жұмысының бағыттары: кафедраны әдiстемелiк құжаттарымен қамтамасыз ету; бiлiм департаментiмен, үздіксіз білім жетілдіру институтымен және мектептермен байланыс жасау.

Оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік жұмыстарының көрсеткіші

     

             

Кафедрада 2015-2016 оқу жылының жарты жылдығында Г.Б Маханова «Русское устное народное творчество», «Зарубежная литература ХХ века»  атты лекция жинағын, Г.Е Исабекова «Древнерусская литература» атты оқу-әдістемелік құрал  қазан айына, О.А. Стычева «Введение в педагогическую специальность» атты электрондық оқу-әдістемелік құрал, Қ.С.Алтынбековтың «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты оқу-әдістемелік құрал, Т.Қ. Омаров  «Бұқар жыраудың әдеби мұрасы» атты көмекші оқу-құралы қараша айларына жоспарлап, орындады.