Университетте "Саналы ұрпақ" кеңсесі ашылды

24.01.19

Университетте "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі (орталықтандырылған) ашылды. Салтанатты рәсімге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Саналы ұрпақ" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы және Шымкент қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы, сондай-ақ Шымкент қаласындағы ЖОО-ы мен колледждеріндегі "Саналы ұрпақ" клубтарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.