Алипбек Ардак

РЕЗЮМЕ Аты-жөні: Әліпбек Ардақ Зәуірбекқызы Тұрғылықты мекен жайы: Шымкент қаласы, Теріскей м/а, 15-33 Туған жылы: 22.04.1980 ж. Ұлты: Қазақ Отбасылық жағдайы: Тұрмыс құрған. 1 ұл, 2 қызы бар. Мамандығы: - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавр біліктілігін алды. Еңбек жолы: - 2002-2007 оқу жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында «Психология, педагогика және философия» кафедрасында оқытушы; - 2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институты «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы; - 2008-2011 оқу жылдары аралығында Академиялық инновациялық университеті «Психология» кафедрасының аға оқытушысы; - 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін ОҚМПИ-да «Психология» кафедрасының аға оқытушысы. - 2016 жылы 28 маусымынан күні бүгінге дейін ОҚМПУ-да «Психология» кафедрасының доцент міндетін атқарушы Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек стажы: 16 жыл. Ғылыми дәрежесі, атағы: Педагогика ғылымдарының кандидаты Қорғаған орны, жылы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде № 27 20.10.2010 жылы 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Шет тілін меңгеру деңгейі: Ағылшын тілінің «Pre-Intermediate» деңгейі Жарияланған еңбектері: 100-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Этнопедагогика» пәнінен электронды оқу құралы, «Этнопедагогика», «Педагогика», «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт педагогикасы», «Кәсіби іс-әрекетке кіріспе», «Педагогикалық психология», «Психология пәнінен оқытушының басшылығымен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру», «Этнопсихология» және т.б. оқу-әдістемелік құралдар. Біліктілік арттырған жылдары: - 2007 жылы Талдықорған қаласындағы «Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығында» (72 сағат); - 2008 жылы «Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразия институтында» (72 сағат); - 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Білім сапасын талдау және біліктілікті жетілдіру институтында» (72 сағат); - 2014 жылы «ЖОО педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша біліктілікті көтеру курсында оқу Алматы қаласындағы «Өрлеу» Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институтында (240 сағат); - 2014 жылы .А.Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институтындағы ұйымдастырылатын психологиялық курсында (36 сағат); - 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Білім жетілдіру институты, 1-Қысқы Психологиялық Мектеп: «Психологтың кеңес беру практикасындағы қазіргі заманғы технологиялар» (36 сағат).