Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты

07.11.18

    Облыстағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жыл бойына атқарған жұмыстарымен жастарды таныстыру мақсатында ОҚМПУ-де «Ашық есік» онкүндігі басталды. Университет студенттерімен  бірге оны Шымкент қаласындағы  өзге  ЖОО өкілдері мен шәкірттері де танысуда. Сондай-ақ осында оқып жүрген  шетелдік азаматтығы бар жастар бағдарламалық мақаланың мазмұны туралы кең, ауқымды мағлұматтар алды. Олар білім ордасындағы «Рухани жаңғыру» алаңы және «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған «жаңа оқулықтар» залымен танысты.  "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына орай жүзеге асыру іс-шараларға қанықты.

Іс-шараға  Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Әшірбеков, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректоры  Б.Садықов, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент  Ш.Нартбаев, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Қ.Анарбаевтар  қатысып, бағдарламалық мақаланың мазмұны туралы кең, ауқымды мағлұматтар берді.