Іс-Тәжірибе

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылады. 6В01101-Педагогика және психология білім бакалаврын  даярлау – педагогикалық іс-әрекет саласында әлеуметтік маңызды  міндеттерді қазіргі ғылыми-практикалық деңгейде шығармашылық және жоғары кәсіби тұрғыда шеше алуға қабілетті  еуразиялық көпмәдениеттілікті, коммуникативтілікті, технократтықты меңгерген жаңа қоғам маманын даярлауға бағытталған білім берудің ұлттық моделіне негізделіп құрылады.
 Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті «Педагогика және психология» білім бакалаврын даярлау беріледі.
Оқу практикасының негізгі міндеттері:
білім алушылардың кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті түйінді құзыреттіліктерін   қалыптастыру;
  • білім алушылардың тұлғааралық құндылықтар негізінде әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби этикалық нормаларды ұстануын қалыптастыру;
  • білім алушылардың кәсіби шыңдалуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру негізінде білім беру сапасының деңгейін ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру;
  • білім алушылардың кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдыларын жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қалыптастыру;
  • тіл үштұғырлығы, функционалдық сауаттылық және салауатты өмір сүру негізінде қоғамды жаңартуда белсенділік танытатын жоғары білімді маман даярлауды қамтамасыз ету.
          Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
  1. сынып педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;
  2. сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;
  3. педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;
  4. оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларына баулау;
  5. ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;
  6. тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
  7. оқытудың инновациялық технологияларды білу;
  8. оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады.
- оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады. 
Дипломалды практика
Дипломалды практика оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті орындайтын барлық мамандықтардың түлектері үшін бітіруші курста өткізіледі. Дипломдық жұмысты немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру бағдарламасында дипломалды практикасы көзделеді. Дипломалды практика базалары диплом жұмысының тақырыбына сәйкес анықталады және оны дипломдық жұмыс жетекшісі жүзеге асырады.
Диплом алды практиканың негізгі міндеттері:
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және жалпылау;
- дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық материалдарды талдау;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
- дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу болып табылады.