Тәрбие жұмыстары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика-гуманитарлық факультеті

 

ТӘЛІМГЕРЛІК САҒАТТЫҢ

 

№3 Хаттамасы

Тәлімгер сағатының тақырыбы:

1. «Рухани жаңғыру-Қазақстанның үшінші жаңғыру негізі-болашаққа бір қадам» тақырыбында №3 жатақханада психологиялық тренинг.

 

Өтілген күні: 14.11.2018ж.

 

Өткізілген аудитория: №3 жатақхана

Қатысқандар: ОҚМПУ-нің Педагогика-гуманитарлық факультетінің деканы Оразбаева Э.Б.                        Факультеттің аға тәлімгері Баймахова А.Ш. Кафедраның аға тәлімгерлері Амирханов А.Б., Исалиева Н., Аяпова Б.

Ұйымдастырушы: Баймахова А.Ш. Абдраманова Н.Ш.

                                   103-17, 103-87 оқу топтары.

 

Тәлімгер сағатының барысы: Психология кафедрасының магистр оқытушысы Баймахова А.Ш. сөз алды,  бүгінгі таңда Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады. Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жасауға берік негіз бар деп ойлаймын. Әлбетте саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі, бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдылық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр.  Осы бағдарламаны негізге ала отырып Қазақстанның дамуы бүгінгі жастардың қолында. Жастарды тәрбиелеу біздің міндеттіміз. Сонымен тарбиенің басы ең бірінші адамның санасын тәрбиелеуден басталады. Бүгінгі өтілетін психологиялық тренингтің барлығы осы біздің ойымызды, санамызды тазартып, бойымыздағы мінез-құлқымызды түзету болып табылады. Ең бірінші тренингті бастамас бұрын «Шаттық шеңбері» тақырыбындағы бойды сергіту сәтін жүргізсек. Бұл шеңберді ұйымдастыру 103-17 оқу тобының студенттері Махатай Динара мен Сайымбекқызы Айжанға беріледі.

 Өткізілу барысы:

  1. Жиналған студенттерді шеңбер ретімен орналастырып, қолдарына шар беріледі. Осы шарды бір-біріне беру арқылы аттарын айта отырып әдемі бір сөзбен аяқтайды. Мұндағы мақсат қатысушылардың жағымды мінез-құлқын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру болып табылады.

 Шаттық шеңбері тренингі өткізіліп болған сон 123-17 оқу тобының студентті Нұрқатова Гүлсім «Анашым» әнін орындалды.

  1. 103-17 оқу тобының студентті Мырзахан Гаухар «Өзін-өзі бағалау» тренингін жүргізді.

Бұл жерде студенттерге парақ пен қалам таратылып шықты. Сол параққа қасында отырған студенттің суретін салу тапсырылды. Мұндағы мақсат қанша тырысқанымен адамның бейнесін толық, нақты түсіру мүмкін емес. Сондықтанды адамды танымайынша, оның сыртынан ғайбат сөздер айтып, балағаттаудың қажеті жоқ. Біз біреуді жамандамас бұрын өзіміздің сырт бейнемізді туралап, ішкі санамызды тазартуымыз қажет,-деп осы тақырыпқа байланыстырып видеоролик көрсетті.

  1. 103-17 оқу тобының студентті Кулдыбаева Мөлдір «Бақытқа бастар жол» тақырыбындағы тренингті жүргізді. Студенттерге парақ таратыла отырып, сол парақ бетіне өмірде жолы болмай, келенсіз кездерге тап болған сәттерді. Сонымен қатар өзге жанға қатты ренжіп, көңілі қалған сәттерді бейнелеу тапсырылды. Көзді жұмып отырып барлығы парақ бетіне шимайлап сурет сала бастады. Белгіленген 5 минут уақыт берілді. Сурет аяқталып, барлығы көздерін ашқан соң келесі тапсырма,- енді осы салынған сурет үстіне өмірдегі бақытты сәтті бейнелеу тапсырылды. Бұл тапсырманы да көзді жұму арқылы салып шықты. Яғни бұл тренингте анықталған мәселе өмірде қаншалықты көңілін қалып ренжісеңде артынан қуанышты сәттердің келетіне анық. Сондықтан да өзінді өзін қажи бермей сабырға келіп, қуанышты кезеңнің келетініне сенім арт. Өмір таразы. Уақыт емші. Барлық келеңсіз кезеңдерге   сабырлы бол,- демекшімен деп Кулдыбаева Мөлдір өзінің шығарған шумақтарымен дайындалған видеоролікті ұсынды.

103-17 оқу тобының өткізілген тренингі қорытындыланып, 123-17 оқу тобының студентті Нұрқатова Гүлсім «Балапан қаз» әнімен жалғастырды.

  1. 103-87 оқу тобының кураторы Абдраманова Нұрсұлу «Пустина» тренингін жүргізді.

Бұл тренингте түс көру арқылы оқиға ішіне кіріп өзінің болашағын көру. Құрғақ шөл далада адасып жүрген адам. Алдынан шыққан ағаш, жылан, су, үнгір, ит көріністерін таңдау арқылы болашақтағы өмірін тамашалау.

Тренингті топ студентті Күмісбекова Гүлмира жалғастырды. Геометриялық фигуралар, жыл мезгілдірін таңдау, номералогия арқылы мінез-құлықты анықтау әдістемесін алды.

Психологиялық тренингтер толық жүргізіліп болған соң «Тәубеңе кел» бейне ролик көрсетілді. Бұл роліктің мақсаты болашаққа қадам жасауға студенттерді жетелеу. Бұл видео роликте мүмкіндігі шектеулі адамның өмірге деген құштарлығы, алдына қойған мақсатқа қалай ұмтылғандығы көрсетіледі. Ол өзі екі қолы жоқ болып дүниеге келгеніне қарамастан жұмыс істеп, өлен айтып, отбасы құрып, үлкен жетістіктен көрінеді. Мұндағы мақсат студенттердің өздеріне берілген мүмкіндікті бағалай білу. Бағалап қана қоймай осы адам секілді алдына қойған мақсатқа жетуге ұмтылуға жетелеу болды.

 

Тәлімгер сағатының қорытындысы: Өтілген психологиялық тренингті қорытындылау барысында ОҚМПУ-нің факультет деканының орынбасары Амирханов А сөз алды. Студенттерді Рухани жаңғыру-Қазақстанның үшінші жаңғыру негізі - болашаққа бір қадам тақырыбын жете түсіндіріп, бүгінгі өтілген іс-шара бойынша студенттермен өз ойын бөлісті. Психологиялық тренингтің өте жоғарғы дәрежеде өткендігін мәлімдеді.

103-17 оқу тобының кураторы Баймахова А.Ш. студенттерге өз өмірлеріндегі құндылықты жоғалтып алмауға, болашаққа деген әрбір қадамды ойланып басып, тек жоғарғы белестерден көріне беруге тілек білдірді.

   Студенттер бүгінгі психологиялық тренингті жүргізген Махатай Динара, Сайымбекқызы Айжан, Мырзахан Гаухар, Кулдыбаева Мөлдір, Күмісбекова Гулмираға, сонымен қатар 103-87 оқу тобының кураторы Абдраманова Н.-ға үлкен алғыстарын айтты.

 

Факультеттің  аға тәлімгері:                                    А.Ш.Баймахова

     

Педагогика кафедрасының 123-16, 86 тобының топ тәлігері:

М.М. Сүлейменнің тәрбие жұмысының

1-ші жарты жылдық есебі

 

Жалпы 2018-2019 оқу жылындағы тәрбиелік жұмысының негізгі мақсаты: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай  20 – қадам еңбегін басшылыққа ала отырып, оқу- тәрбие жұмыстарын  жақсарту  мақсатында, «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының  басымдығы» атты білім саласы қызметінің  тақырыбын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Білім негізі тәрбиеде» - деген қағидаға сүйеніп жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді басты назарда ұстану. Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие міндетін шешудегі тәрбие үдерістері барлық субьектілердің іс-қимылдарын келістіру. Қоғамда рухани байлығы мол мамандығы бойынша біліктілікті сапалы меңгерген мәдениетті де, іскер өмірге икемделген жеке тұлғаны қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру.   

Тәрбие жұмыстарының 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы №521_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жоспарланып, алға қойған мақсаттарға сәйкес  мынадай міндеттерді шешу негізге алынады. Білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының басты міндеті жеке тұлғаның ұлттық  және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби  жетілуі үшін баланың тәрбиелену, білім алу,  жан-жақты қалыптасуы, ана тілі, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттандыру, денсаулықты  нығайту құқықтарын  іске  асыру, қалыптастыру мен дамыту. Саяси және құқықтық мәдениетке  қалыптасуының өлшемдерін жасау, жастар бойында  жалпы азаматтық және  ұлттық құндылықтарды қабылдауды  рухани таным және физикалық күштердің үйлесуін дамытудан  өзін-өзі  танудан, өзін-өзі  таныту қасиеттерін қалыптастыру, жастар арасында  салауатты өмір салтын, азаматттылығы мен патриотизімін дамыту, Елбасының  «Қазақстан -2030», «Қазақстан -2050», «Қазақстан -2020» стратегиялық дамуының  ұзақ мерзімді басымдықтарын негізге ала отырып, жас ұрпақтың өзінің өмірі мен өз денсаулықтары үшін,  әлеуеттік  құзыреттілік жауапкершілігін қалыптастыру, студенттердің санасында дәстүрлі ұлттық  және моральдық  құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында көрсетілген: аксиологиялық көзқарас, гуманистік бағыт қағидасы, демократияландыру қағидасы , вариативтілік қағидасы  негізінде тәрбие жүргізуге бағытталады.

Тәрбие жұмысына негіз етіп, жасөспірімдер және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуіне жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттың білікті іскерлікті коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру жұмыстарын қолға алу. Жасөспірімдер және жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, сондай-ақ, өмір бойы білімін арттырып, кәсіби  қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.

 Тәрбие жұмысы 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы №521_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жоспарланып, төмендегідей міндеттерді шешу негізге алынды. Атап көрсеткенде мазмұны төмендегідей бағытта:

1. Ұйымдастыру  және  жоспарлау;

2. Қоғамдық тәрбие;

3.Адамгершілік рухани тәрбие;

4.Салауатты өмір салты тәрбиесі;

5.Эстетикалық тәрбие;

6.Ұлттық рухани және ұлттық тәрбие;

7. Құқықтық тәрбие;

8. Экологиялық тәрбие;

          Жалпы  тәрбиелік жоспар  жоғарыда көрсетілген  бағытта жоспарланып, топ білімгерлерімен тәрбиелік жұмыстар төмендегідей дәрежеде атқарылды.

Тәрбие жұмысына негіз етіп, «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдылығы» атты білім саласы қызметінің тақырыбын  және сонымен қатар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы, жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай «2020 бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, оқу тәрбие жұмыстарын жақсарту мақсатында тәрбиелік сағаттар өткізілді.

Қыркүйек айының 03-ші жұлдызында тәлімгерлік тәрбиелік жұмысы кафедраның №1 мәжілісінде талқыланып, «Педагогикалық-гуманитарлық» факультеттің деканы  шешімімен 03.09.2018 жылы бекітілді.

Жалпы тәрбие жұмысы Елбасының  «Қазақстан -2030», «Қазақстан -2050», «Қазақстан -2020», «Рухани жаңғыру-болашаққа бастар жол» стратегиялық дамуының  ұзақ мерзімді басымдықтарын негізге ала отырып, жас ұрпақтың өзінің өмірі мен өз денсаулықтары үшін,  әлеуметтік  құзыреттілік жауапкершілігін қалыптастыру, студенттердің санасында дәстүрлі ұлттық  және моральдық  құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату мақсатында, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында көрсетілген: аксиологиялық көзқарас, гуманистік бағыт қағидасы, демократияландыру қағидасы , вариативтілік қағидасы  негізінде тәрбие жүргізу басты бағытта орындалып отырды.

Тәрбие жұмысының  2018 оқу жылындағы  1-ші жарты жылдықтағы  атқарған тәрбиелік жұмыстарына  жеке тоқталатын болсақ төмендегідей дәрежеде.

Қыркүйек айында тәрбие жоспарына сәйкес «Ұйымдастыру және жоспарлау» бағытында топтың 2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жоспары талқыланып, бекітілді. Студенттер университет жарғысымен және оқу ғимараттарымен, жатақханадағы ішкі тәртіппен танысты. Тәлімгерлік сағат барысында топ белсенділері тағайындалып, жаңа оқу жылына мақсаттар айқындалды. «Қоғамдық тәрбие» бағытында факультет студенттерінің лидерлерін сайлауға қатысты. Жатақханада тұратын студенттердің жағдайын тексеріп, тұрмыс-тіршілігімен таныстық. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Dombra party-ге қатысып, құрдастары мен қала тұрғындарына қосылып күйлер орындап, студенттер музыкалық білімдерімен бөлісті. «Патриоттық тәрбие» бағытында «Рухани жаңғыру»  тақырыбында баяндама оқылды.

Қазан айында «Ұйымдастыру және жоспарлау» бағытында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 1 курс студенттеріне серпін беру мақсатындағы мерекелік іс-шарада белсенділік танытып, студенттеріміз «Студенттік шақ» атты әуен орындады. Ұстаздар күніне орай «Ұлағатты ұстаз» тақырыбында  тәрбие сағаты өтті. «Нашақорлық және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау мақсатында тәрбие сағаты өтілді. Студенттердің сабақ үлгерімі тексеріліп, межелік бақылауға статистикалық талдау жасалды.

Қараша айында жоспардан тыс «Жастар және әлеуметтік желі» тақырыбында жастардың қоғамдағы рөлі мен статусын анықтап, мотивация беру мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Студенттер театрға саяхаттап, «Ойран» қойылымын тамашалап, мәдени мұрасы мен тәрбиесін байытып қайтты. Студенттік күнге арнайы ұйымдастырылған «Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл» тақырыбында мерекелік іс-шараға қатысты. Kino-time бойынша «Звездочки на земле» туындысымен танысып, инклюзивті білім берц үдерісі туралы білімдерін визуалды нығайта түсті.

Желтоқсан айында. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай студенттермен «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» атты тәрбие сағаты өткізіліп, тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтің еліміздің өсуі мен көркеюіне қосқан үлесі туралы студенттер өз ойларымен бөлісті. 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай «Салауатты жастар: ЖИТС-тің алдын алу және күресу жолдары» атты брейн-ринг ойын формасында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасы үшін маңызды мерекелердің бірі - тәуелсіздік күніне орай «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан Республикасының жеті кереметіне арналған мақаласына қатысты баяндама оқылып, студенттермен тәрбие сағаты өткізілді.

V Тұжырымдар мен ұсыныстары

123-16 оқу тобының тәлімгері Сүлеймен М.М.  2018-2019 оқу жылының 1-ші жарты жылдықта атқарған тәрбие жұмысы туралы кафедра меңгерушісінің қорытынды пікірі:____________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Кафедра мәжілісінің хаттамасында «____» 2018 ж. қаралып, талқыланды.

 

Кафедра меңгерушісі:                                       п.ғ.к. доцент Арзымбетова Ш.Ж.  

 

Магистр оқытушы, 123-16,86 топ тәлімгері:                              Сүлеймен М.М.

 

 

 

Педагогика гуманитарлық факультеті

Психология кафедрасы

2018-2019 оқу жылы

 «Педагогика және психология» мамандығы, 103-15 оқу тобында

ТАҚЫРЫБЫ: «ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ!» атты

  АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

                                              05.12.2018жыл, сағ.12:40 413аудитория (Б корпусы)

 

Мақсаты:

Студент жастарға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,

осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.

Көрнекілігі:

Қазақ елі рәміздері,нақыл сөздер,слайдтар

Түрі:аралас

Әдісі:

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар мен студент жастар ! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Топ тәлімгері А.С.Усипбекова ашып берді.

 

1.Жүргізуші студент

Тәліпова Зейнеп,

Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар осы кештің қадірлі қонақтары!

Бүгінгі 16 желтоқсан тәуелсіздігімізге 20 жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

  1. Жүргізуші студент Мурахмедова Нурипа., Тастыбай Нурбану

 Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,

Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың

Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның

 

 

Студенттердің дайындаған баяндамалары:

Айдар Жақсыгүл-  ҚР президентінің өмір баяны жайында баяндап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы

Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды.

ойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.

Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін.

Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады.

Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты.

Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары

әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында

анған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып,

жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан

халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Жұмыс жолы және саяси мансап

1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатындаВТУЗ-ды бітірді.

Еңбек жолын 1960 жылы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкерлері бастады Қарағанды облысының Теміртау қаласы.

Содан кейін ол құю машиналары үшін шойын ретінде жұмыс істеді, Қарағанды металлургия комбинатында тау-байыту пеші.

1965-1969 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында (1966 жылдан - зауыт) қайта жұмыс істеді: диспетчер, газ маманы, домна пештің дүкеніндегі аға газетші.

1969-1973 жылдары - Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партиялық, комсомол жұмысында. 1973-1978 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы.

1978-1979 жж. - хатшы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы.

1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1990 жылғы 14 шілдеден бастап 1991 жылғы 23 тамызға дейін - КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесі. КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). (1981-1986). 

КОКП Орталық комитетінің мүшесі (1986-1991).

Ахметбек Гүлрайхан және Инкар Ақерке - ҚР президентінің жеткен жетістіктерін баяндады.

 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы 

Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

 

Студенттердің «Желтоқсан желі» атты әнмен хор айтылды.

 

 

Келесі кезең өлең жолдарына береміз : Тастыбай Нұрбану, Төле Жансұлу, Жақыпбек Ақниет, Мұратбекова Әсел, Арапбай Гүлзат.

         

Көрініс: «Абақтыдағы Қайрат» Ислам Заман, Беласар Дәурен, Көлбай Мөлдір.  

Қорытынды

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.! Деп Тәліпова Зейнеп сөз кезегін қонақтарға береміз.