100 жаңа оқулық

2020 жылдың 5 наурыз күні Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доцент міндетін атқарушы Қ.Бекдаулетованың ұйымдастыруымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында баспадан шығарылған Д.Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы», Э.Кеннидің «Антика философиясы» атты еңбектерінің мазмұны ЖОО белсенді студенттеріне арнайы таныстырылды.

Ғалым оқытушы жастарға бұл еңбектер әр дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалармен өрбіген, әдеби көркем туындылары философиялық тұрғыда талданған құнды дүние екендігі туралы мағлұматтар айтты. Өз кезегінде студент жастар Э.Кеннидің «Антика философиясының» IX тарауын да талқылауға белсенділік танытып, осы кітапты  қолдану бойынша үлгі сабаққа қатысып отырды.

 

2019жылдың 10 желтоқсан күні География кафедрасы, Құқық және экономика мамандығының ПОҚ «Рухани жаңғыру» орталығының жоспарына сай ЖОО бас ғимаратында орналасқан Н.Ә.Назарбаев орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласындағы тапсырмаларға орай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, инновация ғылымдары және  құқық бағыттары бойынша жарияланған еңбектері талқыланды.

Семинарға кафедра меңгерушісі Тажекова А.Д., кафедра оқытушылары, зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты. Семинар барысында биылғы жылы университет кітапханасына келген жаңа кітаптардың таныстырылымы мен оларды пайдалану бойынша тиімді ұсыныстар айтылып, талқыланды. Кітаптардың бүгінгі заманауи білім беру мен алудың талаптарына сай келетін тұстары мен қатар елдің рухани жаңғыруы бағытындағы өзекті тұстары туралы ғалымдардың пікірлерімен танысқан көпшілік семинардың пайдалы болғанына ризашылықтарын айтты. 

Семинарға келген ПОҚ ол кітаптарды оқу бағдарламаларына енгізудегі озық тәжірибелерімен бөлісіп, студент жастарға  оқулықтармен жұмыстар жасаудың тиімді тұстарына қатысты өз ойларын жеткізуге тырысты. Рухани жаңғыру аясында шетелдік ғалымдардың еңбектерімен қатар, өзіміздің отандық ғалым-педагогтардың да озық оқулықтарын кәдеге жарата білуіміз қажет екендігін тілге тиек етті.

 

2019 жылдың 4 желтоқсан күні Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті.

Семинар кеңеске Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының ұстаздары, кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдрының кандидаты Таутаева Гүлдариға, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Қ.Анарбаев және  студент жастар қатысты. Семинар кеңесте  «Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделу Элен Битэм, Рона Шарп және Х.Дейл Шунк Оқыту теориясы», еңбектері талқыланып,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында студент жастар мен аталған еңбетерді оқып үйрену студент жастармен тағыда өткізу туралы уәделесті.

 

2019 жылдың  10-11 қазан күндері ОҚМПУ  Педагогикалық шеберлік орталығы мен Шымкент қаласы білім басқармасы бірлесе отырып, ҚР оңтүстік өңірі жетекші мектептерінің «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ» I Аймақтық форумы өтті. Форумға «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, педагогикалық шеберлік орталығы, Шымкент қаласы әкімдігі өкілдері, Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары білім басқармаларының өкілдері, жетекші мектептердің директорлары мен педагогтары қатысты.Форумның мақсатына сай  жалпы білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік жетекші мектептердің тәжірибесіндегі инновациялық идеялардың талқылауы жүрді. Бұл форум аясында ОҚМПУ ректораты мен «Рухани жаңғыру» орталығы тарапынан келген қонақтарға университеттегі «Рухани жаңғыру» бағытындағы атқарылған жұмыстардың таныстырылымы өтті. Ұлы Дала өркениетінен сыр шертетін археологиялық көрме, студенттердің алаңы және ЖОО «100 жаңа оқулық» залында орналасқан жаңа кітаптармен танысқан қонақтар болашақта да бұл бағыттарда да ғалымдармен бірлесе жұмыстары жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізді.

   

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру міндеті қолға алынғалы екі жылдың жүзі болды. Былтырғы жылы игі бастаманың негізінде ғылыми қауымдастықты жұмылдырыла отырып, Ұлттық Аударма Бюросы тарапынан 18 оқулық жарыққа шыққан еді. Ал биылғы  жылы ОҚМПУ-нің кітапханасының қоры  тағы да 30 жаңа кітап қосылды. Биыл аударылып, баспаға дайындалған оқулықтардың қоғамдық сананың жаңғыруында маңызы зор деп санаймыз. Жаңа  топтамада әлемдік деңгейдегі ғалымдардың авторлығымен жарияланған Әдебиет теориясы, Антология,  Интернет психологиясы, Ориентализм,Ұйымдық мінез –құқық негіздері, Халықаралық құқық,  Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта,  HR- менеджмент, Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент, Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі, Педагогиканы  цифрлық дәуірде қайта зерделеу, XXI ғасырдағы оқыту дизайны, Батыс  философияның жаңа тарихы, Медиа этика, Жас мамандардын тәжірибесінен, Тіл тарихы, Тіл-инстинкт, Panorama: Дүниежүзі тарихы І-ІІ томдары және т.б.оқулықтар бар.

2018 жылдың 26 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қабырғасында Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының бірлескен іс- шарасы өтті.

Іс-шарада Қазақстан қоғамының ұлттық идеологиясы үшін, соның ішінде жастар тәрбиесінде ерекше маңызға ие Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласының мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, осы бағытта бір жылдан аса уақыт жұмыс жасап келе жатқан өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстарымен жастарды таныстыру мақсатындағы «Ашық есік» онкүндігі ОҚМПУ-дан бастау алғаны жария етілді.

«Ашық есік» күніне университет студенттерімен бірге қаладағы ЖОО өкілдері мен студенттері де қатысты. Іс-шара барысында ЖОО жаңа келген студенттер, әсіресе шетелдік азаматтығы бар жастар бағдарламалық мақаланың мазмұны туралы кең, ауқымды мағлұматтар алды. «Ашық есік» күндерінің басталуында студенттер мен қонақтар ЖОО-да жаңадан ашылған «Рухани жаңғыру» алаңы және «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған «жаңа оқулықтар» залымен танысып, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің тарапынан атқарылған жұмыстар және өңірдегі Цифрлы Қазақстан бағдарламасына орай жүзеге асыру іс-шаралардың барысымен де танысты.

Іс-шараға қатысқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Әшірбеков, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректоры  Б.Садықов, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент  Ш.Нартбаев, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Қ.Анарбаевтар тарапынан студенттерге мақала мазмұнын түсіндіру, «рухани жаңғыру» бағытында өңірде және ЖОО-да атқарылып жатқан жұмыстар туралы толыққанды мағлұматтар берілді. Іс-шара қорытындысында ОҚМПУ-да атқарылып жатқан жұмыстар тәжірибесін басқа ЖОО бөлісу және еліміздің ертеңі саналатын барлық ЖОО студенттерінің бірлескен іс-шараларға атсалысуы мен ғылыми жобаларға қатысуы керектігінің маңызына байланысты тоқтамдарға келді.