Білім-ғылым

2020 жылдың 4 наурыз күні  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық  университетінде «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Ғылыми конференция жұмысына зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ЖОО басшылығы мен студенттері және ұлағатты ұстаздар қатысты. Конференцияға қатысушы ғалымдар пленарлық және секциялық мәжілістерде Абай мұралары және өзіндік ғылыми ізденістері бойынша жасалған тұжырымдары ғылыми орта талқылады. Студент жастар Абай мұраларының жаңа қырларымен танысып, ғалымдардың ғылыми пікіралмасулары өтті. Оның ішінде ұлттық ойлау жүйесінің тарихи өзгерістеріне, оның Абай шығармаларындағы көріністеріне қатысты мәселелерге назар аударылды.

 

2020 жылы 24 қаңтарда Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық  университетінде  Әбу  Насыр әл - Фарабидің  1150  жылдық  мерейтойына  арналған  «Әлемнің  екінші  ұстазы  Әбу  Насыр әл-Фарабидің  ғылыми – әдеби  әлемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми конференция жұмысына зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, білім және мәдениет саласының өкілдері, ЖОО студенттері және ұлағатты ұстаздар қатысты. Түркия елінен келген Хадж Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры Конуралп Эрджуласын «Әл- Фараби дәуірінде Отырар алқабын мекен еткен тайпалар және олардың мәдениеті» атты  баяндамасы көпшіліктің көңілін аударды.

Конференция аясында өткен «Ұлы Тұран тұлғаларымен тарихы» атты семинар жұмысында педагогикалық жоғары оқу орны ғалымдары Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» сан-салалы білімдерді қамтыған ортағасырлық терең философиялық,  дидактикалық шығарма ретіндегі қырларына қатысты шетелдік әріптестерімен соңғы ғылыми ізденістер туралы ой бөлісті.

 

2019 жылдың 4-5 қазан күндері Түркістан облысы аумағында «НұрОтан» партиясының бастамасымен халқымыздың біртуар перзенттері, мемлекет және қоғам қайраткерлері С.Қожанов пен Т.Рысқұловтардың туғанына 125 жыл толуына орай «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» атты автошеру өтті. Оған ЖОО ғалымдары ф.ғ.к.,доцент Н.Ж.Нүрпейсов пен т.ғ.к.,доцент м.а. «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Қ.С.Анарбаевтар қатысты. Іс-шара аясында Созақ ауданының орталығы Шолаққорған кентінде орналасқан «Мыңжылқы» сарайында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда ғалымдар тұлғатанулық бағыттардағы мәселелерге байланысты ғылыми баяндамалар жасады. Конференция модераторы, Созақ ауданының құрметті азаматы, ОҚМПУ деканы, ғалым Н.Ж.Нүрпейсов болды. 5 қазан күні конференцияға қатысқан ОҚМПУ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары С.Қожановтың туған ауылы Ақсүмбе ауылына барып ондағы іс-шараларға қатысты. Ортағасырлық тарихи ескерткіш Ақбикеш мұнарасының қазіргі жағдайымен танысқан ғалымдар ескерткіштің кешегі Дешті-Қыпшақ даласы кезеңінен жеткен құнды жәдігер ретінде мемлекет тарапынан қорғау жұмыстары дереу қолға алынбаса айырылып қалу қаупі бар деген ортақ ойға тоқталды. Өйткені ескерткіштің жауын жағы бастапқы қалпынан 4-5 метрге, тіпті пана тұсының өзі 1-2 метрге дейін мүжілгені анық байқалып тұрғанының куәсі болды.

  

2018 жылдың қараша айының 7 күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияны педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай Аяшұлы ресми түрде ашты. Келген қонақтарға «Ұлы Дала елі - өркениеттер тоғысында (б.э.д.100 мын жыл –б.э.ХІІ ғ.)» атты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Археологиялық жасағының көрмесімен (1-қабат, холл) және де университет ұстаз-ғалымдары мен студенттерінің ғылыми жетістіктері көрмесімен таныстырды (холл). Секциялық мәжіліс барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Мырзакелді Кемел «Цифрлы технология – жаңаша өрлеу жолы» атты тақырыбында өз баяндамасымен бөлісті. Сонымен қатар, ОҚМПУ университетінің «Рухани жаңғыру» орталық басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы «Отандық тарихты оқытуды ұлттық таным тұрғысынан қолға алудың кейбір мәселелері» атты тақырыбында баяндама оқыды. Және басқа да баяндамалар оқылды.