Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

2019 жылдың 15-29 қараша күндері «Рухани жаңғыру» орталығының жоспарына сай арнайы кесте бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «100 жаңа оқулық» коворкинг орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласындағы тапсырмаларға орай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2019 жылы жарық көрген оқулықтардың таныстырылымы мен ол еңбектерді оқып үйрену және ол оқулықтардың ерекшеліктері мен оқу үдерісіне енгізудің өзекті мәселелері бойынша кафедралар тарапынан семинар-кеңестер өтеді (Қосымша мәліметтерді орталықтан алуға болады).

   Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығы мен  Филология факультеті  «Рухани жаңғыру студенттер көзімен» атты тақырыпта  ЖОО студенттері арасында эссе және өлең шумақтарын жазудан шығармашылық байқау жариялайды.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Байқау мақсаты:

  • Студенттердің «Рухани жаңғыру» бойынша түсініктері мен ой-өрісін дамыту.
  • Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, талантты  жастарды табу.
  • Рухани тәрбие беру.

Байқау шарттары:

  • Байқауға барлық  ЖОО студенттері қатыса алады.
  • Шығармалар жеке авторлық сипатта және үш тілде (қазақ , орыс, ағылшын) қабылданады.
  • Байқау әр жанр бойынша жеке-жеке өткізіледі.
  • Ұсынылған шығармалар   13.12.2018  күніне дейін  madilkhan@mail.ru  электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
  • Үздік шығармаларды БАҚ және интернет сайттарда жариялауды ұйымдастыру комитеті өз құзырында қалдырады.

Шығармаларға қойылатын талаптар:

  • Эссе және өлеңдер тақырыптары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың   «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар»  және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары мазмұнымен сәйкес болуы тиіс.
  • Көлемі (14 шр, Times New Roman) 3 беттен аспауы керек.
  • Байқауға ұсынылған өлеңдердің  құрылысы, ұйқасы және мазмұны тақырыпқа және әдеби талаптарға  сай болуына назар аударылады.
  • Жолданған шығармалар алдын-ала іріктеуден өткізіледі.

Қосымша:

  • Бас жүлде иегерлеріне  Жаңа жылдық кештерге  билеттер ұсынылады .
  • Қатысушылар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталады. 
  • Үздік шығармалар университеттің «Рухани жаңғыру» сайтына орналастырылады.        

Қосымша анықтамаларды университеттің  «Рухани жаңғыру» орталығынан (бас ғимарат, 227  кабинет) алуға болады.


2018 жылдың қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қабырғасында «Рухани жаңғыру» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес университеттің оқытушы-профессор құрамы мен студенттердің жаңа әліпбиді меңгеруін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған лингвистикалық курс өз жұмысын бастады. Курс өз жұмысын әр аптаның  дүйсенбі күні сағат 15:00-де бастап жүргізеді. Барлық қатысам деушілерге есік ашық!