Ереже

 Магистратураға құжаттарды қабылдау тәртібі Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады. Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін ЖОО-да қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО басшысы болып табылады.       Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО-ның бұйрығымен бекітіледі.  Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.  Магистратураға түсуші азаматтар  ОҚМПУ-дың қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады: ЖОО басшысының атына өтініш (үлгі бойынша);  жеке куәліктің көшірмесі -3 дана;  жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі. (диплом қосымшасымен нотариалды куәландырылған болуы керек);  шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын; TOEFL, IELTS  және т.б. (Қосымша 1)  3x4 сантиметр мөлшеріндегі 6 фотосурет;  № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У медициналық анықтама (флюро-графия кескіні міндетті түрде болуы керек);  ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);  кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);  мекенжай анықтамасы (ХҚКО); істер папкасы  (пластикалық скоросшиватель);       8) осы Ережелердің 1 - қосымшасында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса). Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.        Осы Ережелердің 4, 10-тармағында көрсетілген құжаттарды түгел ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.       5. Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеу тапсырады.       Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады.  Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады. (Қосымша 1) Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.  Магистратураға түсушілер өтініште бір білімнің білім беру бағдарлама-сын және 3 (үш) ЖОО-ы көрсетеді.  ЖОО-лардың және магистратураның білім беру бағдарламаларының, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураның білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) бұйрығымен бекітіледі.  Шет тілі бойынша магистратураға түсу емтихандары және кешенді тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-ҚР БҒМ) айқындайтын түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі. Шет тілі бойынша түсу емтиханы және кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі.       Түсу емтихандарын, кешенді тестілеуді тапсырған жылы қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.