Тәрбие жұмыстары

Физика кафедрасында тәрбие жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізіледі:

І. Ұйымдастыру және жоспарлау

II. Патриоттық сананы қалыптастыру

III. Рухани-адамгершілік даму

IV. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу

V. Құқықтық тәрбие

VІ.Салауатты өмір салтын қалыптастыру

VІI. Жастар бастамаларын қолдау

VIII. Ақпараттық-насихаттау жұмысы

Ай сайын кестеге сәйкес әр топта топ тәлімгерлері студенттердің тәртіптеріне, оқу-үлгерімдеріне байланысты тәрбие сағаттарын өткізіп отырады. Сонымен қатар студенттер осы бағыттар бойынша іс-шаралар өткізеді. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып,көп ұлттық мәдениетті жаңғырту мақсатында түрлі клубтар мен үйірмелерде іс-шаралар ұйымдастырылады. Дәстүрлі түрде «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып»,  «Тұсау кесер» және  «Күзгі бал» концерттік бағдарламалар өткізіліп отырады.

2019 жылы ақпан айында Физика-математика факультетімен бірге Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан №2 балалар үйіне барып, «Балаларға қамқорлық көрсетейік» атты іс-шараға ат салысты. Іс-шара барысында балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Іс-шараға қатысқан студенттер мен оқытушылар құрамы өмірдің басқа да жақтарымен танысты.   

2018 жылы қараша айында «Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-математик Ибадулла Ақбергенов» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Төрағасы Н.С.Иманбаев қатысқандар 109-15,109-25а оқу топтары және физика – математика кафкдрасының оқытушылары. Іс-шара барысында студенттердің көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Іс-шараға қатысқан студенттер мен оқытушылар құрамы өмірдің басқа да жақтарымен танысты.   

 

Төлеби ауданында орналасқан №2 балалар үйінен естелік суреттер

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арқау болған «Ұлы даланың ұлы есімдерін жаңғырту» тақырыбында өткізілген іс-шара

Мұғалімдер күніне арнап«Ұстаз мәңгілік - жадымда қалар жаңғырып» тақырыбында өткізілген мерекелік іс-шара

http://okmpi.kz/sites/default/files/u36/620.jpg

«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағаты

http://okmpi.kz/sites/default/files/u36/621.jpg

Отбасы мерекесіне арнап «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағаты

Рухани-адамгершілік даму «Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-математик Ибадулла Ақбергенов» тақырыбында өткізілген мерекелік іс-шара

http://okmpi.kz/sites/default/files/u36/624.jpg

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап өткізілген ашық тәрбие сағаты

http://okmpi.kz/sites/default/files/u36/625.jpg

Факультет деканы оқытушылармен және студенттермен Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары- 100 нақты қадамын» талқылау барысында