Оқу-әдістемелік жұмыстар

Оқу әдістемелік жұмыстар

Кафедра ОПҚ – ның елеулі жетістіктері:

«Математика» кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.к Иманбаева Н.С  ОҚМПИ-ның 80 жылдығына ғылым саласына қосқан үлесі үшін институт ректорының төсбелгісі мен алғыс хаты. ОҚМПУ бойынша 2017 жылдың «Үздік ғалымы» сертификатымен, 50 000 теңге мөлшерінде сыйақымен марапатталды. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «2017 жылдың ЖОО Үздік Оқытушысы»  атағын алды.

              Математика кафедрасының меңгерушісі Р.И. Кадирбаеваның  2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурста «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды әзірлеу арқылы қалыптастыру» тақырыбындағы ғылыми жоба конкурста көп дауыс жинап 2019 жылға гранттық қаржыландыруға ие болды. ОҚМПИ-ның 80 жылдығына ғылым саласына қосқан үлесі үшін институт ректорының төсбелгісі мен алғыс хаты

 

«Математика» кафедрасының  аға оқытушысы, ф.-м.ғ.к Джаманкараева М.А - «Жанашыр үлгілі еңбегі үшін» университет ректорының алғыс хаты.

 

«Математика» кафедрасының профессоры, п.ғ.д Рахымбек Д. ОҚО білім саласында жасаған ерен еңбегі үшін алғыс хат,  төсбелгі, ҚР білім саласына сіңірген еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылыми министрінің төсбелгісі

2018 жылдың 03 қазан -30 қазан күндері аралығында визитинг профессор Антони Пардала (Польша) академиялық ұтқырлық шеңбері аясында «Мектеп курсы геометриясынан есептер шығару» пәні бойынша  «Математика» мамандығының 4 курс студенттеріне күнтізбелік жоспарға сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

Кафедраның барлық мамандықтарының пәндері бойынша оқу әдістемелік кешендер жасалған. Электронды базасы құрылған.  

Профессор-оқытушылар оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін (конференция формасындағы сабақтар, компьютерлік тестілеу, бейнефильмдер, ұйымдастырушылық - іс-әрекеттік ойындар, компьютерлік бағдарламалар) қолданады.

Кафедра жұмыс берушілермен белсенді жұмыстар жүргізеді. МАК мүшелігіне, диплом жұмыстарын қорғауға  қатысуға шақырылады, сарапшылар құрамына енгізіледі және т.б.

Кафедрада өтілетін барлық пәндер бойынша   5В010900- Математика   және  5В012600- Математика-физика мамандығының оқу жоспарлары, силлабустар, ОӘК электрондық нұсқалары жасалынған. Барлық пәндер бойынша сабақтар жұмыс жоспарына және физика-математика факультетінің оқу жоспарларына сәйкес өткізіледі.

Оқу-әдістемелік құралдарды шығару кафедра жоспарына сәйкес орындалуда және ол жұмыстардың сапалылығы мен қажеттілігі кафедра мәжілісі, факультет, университетінің  әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітіледі.

2015-2016 оқу жылының күзгі семестрінде жоспарға сәйкес п.ғ.д,. профессор Рахымбек Д. «Алгебралық және геометриялық өрнектерді түрлендіру» және «Планиметрияны оқыту әдістемесі» электронды оқу құралдары шықты. А. Байжұманов  пен Б. Оразовтың  «Графтар, құпиялау және алгоритмдар теориясы» және   Қ Абдрахмановтың «Геометрия 1» оқу-әдістемелік құралдары шықты.

                     

  

Кафедра оқытушы-профессорларының біліктілігін арттыру университеттің біліктілік арттыру жоспарына сәйкес орындалуда.

 

  

  

 

Педагогикалық іс-тәжірибе болашақ мұғалімнің шығармашыл тұлға болып қалыптасуының құрамдық бөлігі болып табылады. «Математика»  және «Физика» мамандығының оқу бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес іс тәжірибелер өткізіледі.

     

Педагогикалық іс-тәжірибеның нәтижелері

     

  

17.01.2017ж. күні  физика-математика кафедрасына академиялық ұтқырлық бойынша келген визитинг-профессорлармен бірлесе отырып олардың оқу орындарымен, білім беру жүйелерімен және атқарып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу мақсатында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарда визитинг-профессор Польша, Радом Экономика Академиясының профессоры п.ғ.д., Антони Пардала және   Португалия, Лиссабон Нуэва университетінің PhD Андрий Любчик баяндама жасады.  Семинарда көтерілген мәселелер бойынша  үш елдің өкілдері ойларын ортаға салу арқылы тәжірибе алмасу орын алды.

  Академиялық ұтқырлықтың арқасында біздің студенттеріміз өз елінде отырып шетелдік профессорлардан дәріс алуда. Бұл, әрине, Болон үдерісі арқылы қол жеткізіп отырған үлкен жетістік, яғни академиялық ұтқырлық болашақ мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық бағыттардың бірі ретінде өз нәтижесін көрсетуде.

«Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары» академиялық ұтқырлық шеңберінде: Радом Экономика Академиясы, Польша – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан 2017 жылдың 23 қаңтар -18 ақпан күндері аралығында Польша, Радом Экономика Академиясының  профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Антони Пардала академиялық ұтқырлық шеңбері аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика  кафедрасына келді.

«Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары» пәні бойынша «Математика» мамандығының 2 курс студенттеріне күнтізбелік жоспарға сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

Сондай-ақ, профессор Антони Пардала жетекшілігімен «ХХІ ғасырдағы түрлі елдердің мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып математика және математикалық білімі: қазіргі жағдайы, проблемалары және даму болашағы» тақырыбында институттың профессорлар-оқытушылары, ғылыми зерттеушілері және студенттері үшін ғылыми семинар өтті. Семинарда білімді ақпараттандырудың және математика пәнінің мұғалімдерін даярлаудың заманауи мәселелері, сонымен қатар болашақ мұғалімдер даярлығын жетілдіру мәселелері  талқыланды. Семинарға Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарыныңпрофессорлары мен оқытушылары қатысты.

  

Сонымен қатар, қаңтар айының 27-ші жұлдызында профессор Антони Пардала институттың ғылыми семинарына қатысып, «ХХІ ғасырдағы оқушылар мен студенттердің тек қана математикалық білімінің  проблемалары емес: қазіргі жағдайдағы пәнаралық көзқарасы мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Сондықтан, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Математика» мамандығының студенттерімен өткізілген сабақтар, физика-математика кафедрасының және басқа да кафедралардың профессор-оқытушылары және қызметкерлерімен жүргізілген ғылыми кеңестер, әңгімелесулер, пікір алмасулар алған білім, біліктерін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етуге болатынын толық сеніммен айтуға болады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында осындай академиялық ұтқырлық шеңберінде профессор-оқытушылар арасында тәжірибе алмасу оң нәтиже береді деп санаймыз.

     2018 жылдың 25 қараша -29 қараша күндері аралығында п.ғ.к., доцент Әмірбекұлы А.  Польшаға Радом Экономика Академиясына және Жешув Университетіне  тәжірибе алмасу  мақсатында ғылыми іс -сапарға барып келді. Ғылыми іс- сапар барысында  Әмірбекұлы А.  жетекші шетел ғалымдарымен бірнеше кездесулер, дискуссиялар және семинарлар өткізді.

     

2018-2019 оқу жылының күзгі семестрде 5В010900 -Математика мамандығы бойынша 2 студент  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік  жоғары оқу орнында оқып келді (Эгер қаласы, Карой Эстерхази университеті, Венгрия).

1. Ауесханов Наурызбай Асанұлы, 109-26а тобы.

2. Жумабек Бексұлтан Нургалиұлы, 109-17а тобы.