Жетістіктер

Кафедра ОПҚ – ның елеулі жетістіктері:

Кафедра меңгерушісі Р.И.Кадирбаева ҚР БжҒМ-нің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды әзірлеу арқылы қалыптастыру» тақырыбында 14 768 955,98  тенге көлемінде грант ұтып алды.

Кафедрада Республикаға танымал профессорлар п.ғ.д. Д.Рахымбек «Жоғары орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының   2 рет иегері атанды (2004, 2007). 

 

 

Профессор Н. Иманбаевтың 0-ден жоғары  импакт- факторлы журналдарда (Thomson Reutors, Scopus, Shpringer) 10-нан сатам мақаласы   жарық көріп,  Web of Science, Thomson Reuters ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке, Scopus ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке көтерілді.  2018-2019 оқу жылындағы университет профессор-оқытушылар құрамының арасындағы рейтингте 1908 балл жинап, I-ші көш басшы орынға ие болды және 1 монографиясы Германияда басылып шығарылды.  ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитетінің 2015-2017 ж.ж. аралығында Математика және математикалық модельдеу институтынан жеңіп алған "Неусиленно регулярные спектральные задачи: Описание классов краевых условий и устойчивость свойства базисности корневых векторов" тақырыбындағы 0825/ГФ4 нөмірлі ғылыми жобаның жетекшісі болды. 2018 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген ұлттық рейтингтің жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының (ТОП-50) бас рейтингісіне енгізілді және  «Жоғары орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының   иегері болды.

Доцент Ш. Алтынбеков Ресей жаратылыстану Академиясында бірнеше марапатқа ие болды:  Для соискание почетного звания «Заслуженный работник науки и образования» в Президиум РАЕ представлена справка о научно-педагогической деятельности и решением Президиума Российской Академии Естествознания (от 27 апреля 2016 года); Диплом профессора естествознания.(Россия 9 июня 2016г); Степень доктор наук решением Президиума Российской Академии Естествознания  2016; «Primus Inter Pares» - Первый Среди Равных орденімен марапатталды (28.09.2016)

 

2018-2019 оқу жылында академиялық ұтқырлық негізінде 03 қазан -30 қазан күндері аралығында визитинг профессор Антони Пардала (Польша) академиялық ұтқырлық шеңбері аясында «Мектеп курсы геометриясынан есептер шығару» пәні бойынша  «Математика» мамандығының 4 курс студенттеріне күнтізбелік жоспарға сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар, төмендегі тақырыптар бойынша  кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарда баяндама жасады:

1.Күні: 04.10.2018. Тақырыбы: Информатизация как стимулятор современного математического образования

2. Күні: 11.10.2018. Тақырыбы: Информатизация общего и предметного образования для будущего - проблема образовательного web – квеста по математике

3. Күні: 18.10.2018, Тақырыбы: Informations about international conference CME' 2018: Contemporary mathematics education – Mathematics in the Real World.

4. Күні: 25.10.2018, Тақырыбы: Современные проблемы математического образования детей и подготовки для них учителей в Польше.

 

2018 жылдың 25 қараша -29 қараша күндері аралығында п.ғ.к., доцент Әмірбекұлы А.  Польшаға Радом Экономика Академиясына және Жешув Университетіне  тәжірибе алмасу  мақсатында ғылыми іс-сапарға барып келді. Ғылыми іс-сапар барысында  Әмірбекұлы А.  жетекші шетел ғалымдарымен бірнеше кездесулерге, дискуссияларға және семинарға қатысты.

Студенттердің республикалық ҒЗЖ-ғы елеулі жетістіктері:

2018-2019 оқу жылының күзгі семестрде 5В010900 -Математика мамандығы бойынша 2 студент  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік  жоғары оқу орнында оқып келді (Эгер қаласы, Карой Эстерхази университеті, Венгрия).

1. Ауесханов Наурызбай Асанұлы, 109-26а тобы.

2. Жумабек Бексұлтан Нургалиұлы, 109-17а тобы