Ереже

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17650 болып тіркелді

  1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 11) тармақшасына және «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар)  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығының негізінде  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17650 болып тіркелді) әзірленді және азаматтарды жоғары оқу орынының  - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (ЖОО - ОҚМПУ) магистратурасына, докторантурасына қабылдау тәртібін айқындайды.

      2.Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

      3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына тұлғаларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Магистратурада және докторантурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша шетел азаматтарын оқуға қабылдау ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес күнтізбелік жыл бойы жүргізіледі.

      5. ЖОО магистратурасына және докторантурасына түсушілердің  өтініш-терін қабылдау комиссиялармен, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында жүргізіледі.

      Шет тілі бойынша және мамандық бойынша түсу емтихандары, кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

     Докторантураға құжаттарды қабылдау тәртібі

       Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

       10.  Докторантураға түсуші тұлғалар ОҚМПУ-дың қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. ЖОО басшысының атына өтініш (үлгі бойынша);
  2. жеке куәліктің көшірмесі -3 дана;
  3. жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі. (диплом қосымшасымен нотариалды куәландырылған болуы керек);
  4. шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын; TOEFL, IELTS  және т.б. (Қосымша 1)
  5. 3x4 сантиметр мөлшеріндегі 6 фотосурет;
  6. № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У медициналық анықтама (флюрография кескіні міндетті түрде болуы керек);
  7. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);
  8. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;
  9. мекенжай анықтамасы (ХҚКО);
  10. істер папкасы  (пластикалық скоросшиватель);

     Жоғарыда  көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

     11. Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мемле-кеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты даярлау аясында тұлғалардың өтініштерін (еркін түрде) қабылдау ЖОО-да жүргізіледі.

     12. Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады.

      ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.

     13. Докторантура білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантура бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖОО-да ғана тапсырады.

     14. Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖОО-да түсу емти-хандарын өткізу кезеңінде ЖОО-да білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың мәндес бағыты бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      15. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты, немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО профессор-оқытушылық құрамының, ЖОО қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Апелляциялық комиссия жұмысының тәртібі

      16. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін ҚР БҒМ-ге докторантура білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.

      17. Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда және бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ жанында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.

      Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы, түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде құрылатын апелляциялық комиссиялар төрағалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.

      ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссия түсу емтиханы мен кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

      18. Апелляциялық комиссия магистратураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

      Апелляциялық комиссия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдар-ламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

      Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша түсу емтихандары және кешенді тестілеу бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін республикалық апелляция-лық комиссияға жібереді.

     Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсыны-сының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.

      19. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

      Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

      Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

      20. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      21. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы саны-ның көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      22. Түсу емтихандарын және кешенді тестілеуді өткізу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсу емтихандарын қабылдау пункттеріне және ЖОО-ларға ҚР БҒМ өкілдері жіберіледі.

  1. Оқуға қабылдау тәртібі

       23. Магистратураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу қорытындылары бойынша осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-қосымша) оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

       Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдауға сәйкес кешенді тестілеу қорытындылары бойынша осы Ережелерге 3-қосым-шаның (бұдан әрі – 3-қосымша) оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 10 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

       24. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

       1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес – кемінде 100 балл;

       2) бейінді магистратура үшін осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес – кемінде 80 балл;

       3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес – кемінде 25 балл;

       4) докторантура үшін 4-қосымшаға сәйкес – кемінде 150 балл;

       Осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 100 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл қосылады.

      25. Докторант қатарына қабылдау докторантураның білім беру бағдарлама-ларының топтары бойынша түсу емтиханының және шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының қорытындысы бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссияларымен жүзеге асырылады.

      26. ЖОО-ға түсу кезінде докторанттар білім беру бағдарламаларының тиісті топтарының ішінен білім беру бағдарламасын дербес таңдайды.

      27. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      28. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.

      Бұл ретте, ең алдымен тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары нәтижелерінің неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған білім беру бағдарламасының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалар топтарының ішінде жүзеге асырылады. Қайта бөлу туралы ҚР БҒМ бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.

     29. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

  1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсты тиісті облыс (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешемімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді.
  2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тап-сырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖОО-ға 25 тамызға дейін:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) білімі туралы құжаттың көшірмесін;

      3) шет тілі бойынша түсу емтиханы және кешенді тестілеу сертификатын, осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпы-еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын (бар болған жағдайда) (магистратура үшін);

      4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын және білім беру бағдарламасы тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (докторантура үшін);

      5) еңбек кітапшасының көшірмесін;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс білім беру бағдарлама-сының топтары бойынша түсу емтиханының балына сәйкес жүргізіледі.

Қосымша 1

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарының деңгейі

     

Шет тілі

(Емтихан)

Дайындық деңгейі

Шекті балл

(деңгейі)

1

 Ағылшын тілі

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm

(TOEFL ITP)

кемінде 460 балл

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test

(TOEFL IBT)

кемінде 87

TOEFL

кемінде 560 балл

International English Language Tests System

(IELTS)

кемінде 5.5

2

Неміс тілі

Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH)

Niveau C1/С1 деңгейі

TestDaF-Prufung

Niveau C1/С1 деңгейі

3

Француз тілі

Test de Franзais International™ 

(TFI)

оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес

Diplome d'Etudes en Langue francзaisе (DELF)

В2 деңгейі

Diplome Approfondi de Langue franзaisе (DALF)

С1 деңгейі

Тest de connaissance du franзais (TCF)

кемінде 400 балл

 

Ескерту* Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.

Қосымша 2

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру бағдарламаларын іске

асыратынбілім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

 

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсыру тілі

Тапсырмалар саны

Балдар

Шекті балл

Шет тілі бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшын / неміс / француз

50

50

25

Оқуға дайындығын анықтау тесті

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

30

30

15

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

30

30

15

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

20

40

20

Барлығы

 

130

150

75

 

Қосымша 3

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру бағдарламаларын

 іске асыратынбілім беру ұйымдарына оқуғақабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

 

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің

100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсыру тілі

Тапсырмалар саны

Балдар

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтау тесті

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

30

30

7

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

30

30

8

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

20

40

10

Барлығы

 

 

80

100

25

Қосымша 4

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
3-қосымша

 

100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі

100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

5 балдық бағалау жүйесі

бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанарлықсыз (2)*

0-29

      *бейінді магистратурада (медицина мамандықтары бойынша) және резидентурада шет тілі бойынша "қанағаттанарлықсыз" бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.