Кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту

АРЗЫМБЕТОВА ШОЛПАН ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Басқарма басшысы

e-mail: sh.zh73@mail.ru       тел:21-29-21

Басқарманың негізгі мақсаттары:

·  келісім шарттар, вакансия жәрменкелерін өткізу арқылы бітірушілердің жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында білім беру мекемелерімен іскерлік серіктестік жүйесін әзірлеу арқылы бітірушілердің 100 %-ын жұмысқа орналастыру;

·  институттың профессорлық-оқытушылар құрамын, мектеп түлектеріне ғылыми негізде жүйеленген кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді түрде араласуға тарту,  талапкерлердің таңдаған мамандықтары бойынша еңбек нарығына сәйкес сапалы маман даярлау.

Басқарманың негізгі міндеттері:

·  ОҚМПИ түлектеріне мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс табуға жәрдемдесу, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпараттар беріп отыру, жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс мекемелер, ұйымдар және басқа да жұмыс берушілермен ұзақ жылға серіктестік орнату;

·   жалпы білім беретін мектептердің педагог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған курстар, жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге арналған дайындық курстарын, білім беру бағыттарына арналған оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер  ұйымдастырып өткізу;

·  Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарында жалпы білім беретін мектептермен педагогикалық мамандықты дәріптеу мақсатындағы көшпелі семинарларды ұйымдастырып жүйелі түрде өткізіп отыру;

·   бітіруші талапкерлерді жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен таныстыру.

Басқарма жұмысының  мазмұны:

·    орта және жалпы білім беру мекемелерімен, колледждермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;

·    институт түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

·    бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша жұмыс берушілермен шарттық қарым-қатынас құру;

·    жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне жәрдемдесу;

·    білім беру мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету және кадр жинақтауға жәрдемдесу;

·    жоғары сынып оқушыларына таңдау пәндері бойынша дайындықтар жүргізу;

·    Шымкент қаласы және аудандағы «Алтын белгі» иегерлеріне кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу;

·    педагогикалық мамандықтар бойынша 30% ауылдық квотамен білім алған түлектермен жұмыс жүргізу және ұйымдастыру;

·    сыртқы тұтынушыларға сауалнама жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;

·    Шымкент қаласының мектеп және колледж бітірушілеріне «Ашық есік күндерін» ұйымдастыру және өткізу.

ОҚМПИ профессор-оқытушыларының  кәсіби бағдар жұмысына дайындық сәті

Кәсіби бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының жетістіктері

ОҚМПИ түлектері

Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы