Ғылыми кеңестің жаңа құрамы жасақталды

07.09.18

Университетте Ғылыми кеңестің алғашқы ашық отырысы өтті. Жиында атқарылған істер сараланып, биылғы оқу жылының жұмыс жоспары түзілді. Басқосуда сондай-ақ Ғылыми кеңестің жаңа құрамы жасақталды. Университет ректоры Оңалбай Аяшев ұжымға жаңа құрамның мүшелерін таныстырды. Тағы бір жаңашылдық - биыл университетке ағылшын тілінде дәріс оқитын жас мамандар қызметке алынды.