Студенттер үйі

№1 Студенттер үйі
Комендант-директоры Камалова Гаухар Абуханқызы
Байланыс жұмыс телефоны: 8 /7252/ 39-24-90
Студенттер үйінде 424 студентке арналған орын бар. Студенттер үйінде 1 комендант, 3кезекші, 5еден жуушы, 1төсек–орын жабдықтаушы қызметкерлері жұмыс атқарады.
1қабатта студенттерге арналған компьютерлік дәрісхана, оқу залы, асхана, медициналық пункт, ине егу бөлмесі, шаруашылық қызметкерлерінің жұмыс бөлмері, төсек-орын тарату бөлмесі орналасқан .
2 қабатта қосымша мамандар даярлау орталығы және көрме орталығы бар.
1-12 қабаттарда   Wi-Fi интернет жүйесі бар.
3-12 қабаттарға дейін студенттердің тұрғын бөлмелері орналасқан.Әр қабатта асхана ,кір жуу бөлмесі бар.Барлық бөлмелер 2 студентке арналған. Әрбір тұрғын бөлмелер тоңазытқышпен, жууыну бөлмесімен және қажетті жиһаздармен,төсек жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
12 қабатта академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс беруге келген оқытушыларға  арналған қонақ бөлмелері бар.
 
№2  Студенттер үйі
Комендент: Сарсенбаева Нурсулу Амантаевна
Байланыс жұмыс телефоны: 8-7252-21-06-82
Студенттер үйінде 424 студентке арналған орын бар. Студенттер үйінде 1 комендент, 3 кезекші, 4 еден жуушы, 1 аула сыпырушы, 1 төсек орын жабдықтаушы қызметкерлері жұмыс атқарады.
Студенттер үйінің 1-қабатында қонақтарға арналған 3 бөлме жеке жуыну бөлмесі және әжетхана орналасқан. 1 кір жуатын болме, қойма, медициналық кабинет, компьютерлік кабинет, 2 жуыну бөлмесі, элеватор, асхана, телезал және жұмысшылар бөлмесі орналасқан.
1-Қабатта Wi-Fi жүйесі жұмыс істейді.
2, 3, 4- қабаттарда 26 бөлме, 2 асхана, 2 әжетхана және 2 жуыну бөлмелері бар. 2-қабатта кітапхана және 3,4- қабаттарда оқу залдары орналасқан.
5-қабатта 28 бөлме, 2 асхана, 2 әжетхана және 2 жуыну бөлмесі бар.
Әр қабатта  асхана бөлмесінде тоңазытқыш, газплита, аристон бар.
 
№3 Студенттер үйі
Комендант Камалова Гулнара  Абухановна
Байланыс жұмыс телефоны: 8 /7252/37-11-62
Студенттер үйінде 170 студентке арналған орын бар. Студенттер үйінде 1 комендант, 3кезекші, 3еден жуушы, 1төсек–орын жабдықтаушы қызметкерлері жұмыс атқарады.
Студенттер үйінің 1қабатында 13 бөлме студенттер мен 8 шаруашылық бөлмелері  оның ішінде  қойма, асхана,  жууыну бөлме, кір жуу бөлмесі,  әжетхана,  жұмысшылар  бөлмесі орналасқан.
1 қабатта  Wi-Fi жүйіесі жұмыс істейді.
2 ,3,4 қабаттарда  студенттер тұратын 19 бөлме ,асхана,кір жаятын бөлме,  әжетхана бар.
Әр қабатта  Асхана бөлмесінде тоңазытқыш , газплита ,аристон ,теледидар бар.
 Әрбір тұрғын бөлмелер қажетті жиһаздармен, төсек жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

 

№ 4  Студенттер  үйі
Комендант-директор  Тұрысбекова  Маржан  Сексенбайқызы
Байланыс  телефоны  8/7252/ 47-21-53
Студенттер  үйі  350  орынмен  қамтамасыз  етілген. Студенттер үйінде  1  комендант, 3  вахтерша, 2  тәрбиеші,  4  еден  жуушы,  1 медбике,  1 электрик, 1 плотник  жұмыс  жасайды.
Бірінші  қабатта   компьютерлі  бөлме студенттерге  арналған,  оқу залы,  демалыс  бөлмесі,  медпункт  және  0  қабатта  асхана  орналасқан.
1-4  каббаттарда  студенттерге  арналған  жатын  бөлмелер  орналасқан.