"Мамандықты дұрыс таңдай білейік"

04.05.18
ОҚМПУ ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында орта мектептердегі оқуын биыл бітіргелі отырған шәкірттермен кездесу ұйымдастырды. Ордабасыдағы 46 мектепті биыл 1 мың 728 оқушы тәмамдағалы отыр. Кездесуде университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, т.ғ.к, доцент Баршагүл Исабек білім ордасының тарихы мен онда оқытылатын мамандықтар туралы жан-жақты мағлұмат берді. Мұнан кейін сөз алғандар студенттерге жасалатын жағдайлар мен ұсынылатын мүмкіндіктер жайын әңгімеледі. Жастарды ұлт тәрбиесі мен болашағы үшін ұстаздық мамандықты таңдауға шақырды. Кездесу соңында университеттің өнерлі студенттері жастарға концерт қойып берді.