Төртінші өнеркәсіптік революцияға 10 қадам: адами капиталды байыту мүмкіндіктері

25.04.18

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Елбасы Жолдауы аясында «Төртінші өнеркәсіптік революцияға 10 қадам: адами капиталды байыту мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы болып өтті.. Басқосуға еліміздегі және шетелдердегі келелі және маңызды ғылыми-зерттеу нәтижелеріне қол жеткізген жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-ның ғалымдары қатысады. Конференция жұмысына ҚР білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылова, ҚР ҰҒА президенті, академик М.Ж.Жұрынов, «Қазақ мақта шаруашылығы» ҒЗИ бас директоры И.И.Умбетаев және Гарвард университеті инженерлік және қолданбалы ғылымдар мектебінің профессоры, PhDДжордж Неофотистос қатысты.