Премьер министр университет басшылығының еңбегін жоғары бағалады

05.04.18

ҚР премьер министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында ОҚМПУ- нің Студенттер үйінде болды. Үкімет басшысы студент жастармен кездесіп, осындағы үйірме жұмыстарымен танысты. Студенттердің жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін аралап көрді. Мәртебелі мейман жастардың кешкі асынан да дәм татты. Бақытжан Сағынтаев студенттерге қолайлы жағдай жасаған университет басшылығының еңбегін жоғары бағалады.