Тарихы

Физика кафедрасы

Физика және математика кафедрасының негізі 1938 жылы қаланды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Швейцариядағы Берн университетінің түлегі С. Г. Шейнессон болды. Ол 1938-1945 жылдары кафедраны басқарды. 1945 жылы бұл кафедра екі кафедраға бөлінді: математика кафедрасы (меңгерушісі С.Г. Шейнессон) және физика кафедрасы (меңгерушісі 1945-1948 жылдары Г.В. Горячко, 1948-1957 жылдары И.Г. Юделевич, 1957-1971 жылдары А.А. Арипов).

Мұғалім институтын қайта құрғаннан және оны педагогикалық институтқа айналдырғаннан кейін математика кафедрасының меңгерушісі болып И. П. Цой сайланды. 1956 жылы бұл кафедра екіге бөлінді: қарапайым математика кафедрасы (меңгерушісі Қ.Б.Бектаев) және жоғары математика кафедрасы. Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі қызметін А.Г.Цай, И.П.Цой, М.Абенова, Л. И. Мамаев және Ж.К. Киргизбаев атқарды.

1970 жылы Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы ұйымдастырылды, осы кафедраны әр жылдары доценттер А. И. Мостова, М. Абенова, Ш.М. Ильясов, К. Абдрахманов басқарды.

1971 жылы физика кафедрасы екі кафедраға бөлінді: теориялық физика және механика кафедрасы және жалпы физика кафедрасы. Теориялық физика және механика кафедрасының меңгерушісі қызметін 1971-1981 жылдары доцент П.А. Әбдікәрімов, 1981-1983 жылдары доцент Н. Н. 1983-1991 жылдары - доцент У.Б. Байтасов, 1987-1991 жылдары – доцент Т.И. Грызунова. Жалпы физика кафедрасының меңгерушісі қызметін 1972-1982 жылдары Ш.С. Серікбаев, 1981-1992 жылдары доцент Ж.Қ. Алматов атқарды.

1991 жылы Физика мамандарын даярлайтын физика кафедралары қайта құрылды. Физика кафедрасы мен физиканы оқыту әдістемесі және ТСО кафедрасы ұйымдастырылды. Физика кафедрасының меңгерушісі болып доцент А. Агулыков тағайындалды, ол осы қызметте 1991 жылдан 1996 жылға дейін жұмыс істеді. Доцент А.Б. Каримова 1991 жылдан 1996 жылға дейін физиканы оқыту әдістемесі және ТСО кафедрасының меңгерушісі болды. 1996 жылы осы кафедраларды біріктіру негізінде физика кафедрасы құрылды. 1996-2003 жылдары физика кафедрасын физика-математика ғылымдарының докторы, академик А. Н.Бахтыбаев, ал 2003 жылдан 2011 жылға дейін-доцент Т.Д. Бердалиева басқарды.

2012 жылы Математика, физика және кәсіптік оқыту кафедралары біріктірілді, соның негізінде Физика және математика кафедрасы ұйымдастырылды. Физика және математика кафедрасының меңгерушісі болып физика-математика ғылымдарының кандидаты Д.Т. Бердалиев сайланды. 2016 жылдан бастап оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап п.ғ.д. Р.И.Кадирбаева  тағайындалды. «Физика-математика кафедрасында»  5В011000-Физика, 5В010900-Математика, 5В012600-Физика-математика, 5В012800-Физика-информатика мамандақтарының және осы мамандықтардан магистратура мен докторантура ашылуына байланысты 2018-2019 оқу жылынан бастап кафедра «Физика» және «Математика» болып екіге бөлінді. 2018 жылдан бастап PhD-доктор Уалиханова Баян Сапарбекқызы Физика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Физика кафедрасында 15 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 7 ғылым кандидаты, 2 PhD-доктор, 2 аға оқытушы, 4 оқытушы бар. Кафедраның әлеуеттік дәрежесі 53,3% құрайды. Кафедрада Қазақстан Республикасының аумағында кеңінен танымал доцент Рамазанова С. А., Алматов Дж.К. қызмет жасайды.

Кафедра ТМД университеттерімен тығыз ғылыми байланыс орнаған: Тольяти университеті, Мемлекеттік Курск университеті, Мәскеу педагогикалық университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті, ТашПИ, Омбы мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті, Сакарья университеті.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіледі және белгілі бір жетістіктері де бар. 2013 жылы "Физика" мамандығының 2-ші курс студенті Рахматолла Зейнулла Д. Бердалиев пен Б. Рахашевтың жетекшілігімен ғылыми жұмыстарды дайындап, Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдарының ғылыми зерттеулерін қолдау бағытында ұйымдастырылған инновациялық жобалар көрмесіне ұсынылып және физика саласындағы жеңімпаз атанды. Оған 750000 теңгеге сертификат берілді. Кафедарада ұтқырлық бойынша жұмыстар да жүйелі іске асырылуда.  Новосибирск мемлекеттік университетінің профессоры Актершин С.П. жыл сайын физика-математика кафедрасының 1-курс студенттеріне “Физикалық процестерді моделдеу” тақырыбында дәріс жүргізіп отырады.

Описание: DSC_7971    Описание: DSC_7959

06 желтоқсан, 2018ж, 221 аудиторияда Ресей Федерациясы, Баумэн атындағы ММУ, ф.-м.ғ.д., профессор Винтайкин Борис Евгеньевич «Использование современных математических пакетов для обработки экспериментальных данных» атты семинар өткізді.

Описание: C:\Users\Pc\Desktop\WhatsApp Image 2019-12-24 at 12.38.20 (2).jpeg

Физика-математика факультетінің ұжымы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Физика кафедрасының меңгерушісі Саидахметов П.А., Баумэн атындағы ММУ профессоры Винтайкин Б.Е. бірге

19 наурыз 2019 жылы Физика кафедрасының доценті Рамазанова Сара Акзамовқызының 75 жылдық мерейтойына байланысты «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ МЕН ҒАЛАМ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Описание: D:\11,10,19\ФИЗИКА кафедра\2018-2019\19 Март 2019 жыл 75 жас Сара апай\DSC_4999.JPG

Рамазанова С.А. 75 жылдық мерейтоына арналған конференция

Нәтижесінде, барлық ғылыми жұмыстар Ғылыми сілтеме индексіне (ISC) және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген «Қазақстанның Ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми-танымдық ғылыми журналында жарық көрді.

Описание: C:\Users\Pc\Desktop\Scan.jpg

2019 жылдың 20 наурызында Физика кафедрасында 312 аудиторияға, осы оқу орданы аяқтаған белгілі жазушы Әкім Ысқақ есімі берілді.

 

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарыда дұрыс жолға қойылған.   Студенттердің 55%-ы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

2018 жылы 19-20 сәуірде Х Республикалық пәндік олимпиадада (Павлодар қ.) біздің кафедрадан құрама команда ІІІ орын, ал жеке есепте 3 курс студенті Жумамадинов Данияр ІІІ орын алды.

Студенттерге физикадан білім беруде айтулы еңбек сіңірген және сол бағытта басшылық жасаған ұстаз-ғалымдар

“Физика –математика” кафедрасы  2012 ж

Описание: img112

“Физика” кафедрасының ұжымы    1986 жылдары

Описание: img115

Доцент П.А.Абдыкаримов пен доцент Ж.Қ.Алматов жаңа лабораториялық жұмыстарды іске қосу сәтінде. 

Описание: img129           

Доцент Ұ.Б. Байтасовтың әрбір лекциясы қызықты өтеді. 

Доцент С.А.Рамазанова студенттерді ғарыш әлемінің құпияларымен таныстыруда

6В01502 «ФИЗИКА МҰҒАЛІМІН ДАЯРЛАУ»

6В01510 «ФИЗИКА-ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІН ДАЯРЛАУ»

7М01502 «ФИЗИКА»

8D01502  «Физика»