Физика-математика факультеті

Физика-математика факультеті

             «Физика-математика» факультеті институттың ең ежелгі және үлкен факультеттерінің бірі. Факультет 1938 жылы Шымкент мұғалімдер институтының  негізгі екі факультетінің бірі болып ашылған. Факультеттің декандары болып келесі тұлғалар қызмет жасады: Сарсенбаев М.С.(1950-1960 ж.); Ерімбетов М.И.(1960-1965 ж.); Бектаев Қ.Б.(1965-1968 ж.); Тлеуқабылов С.Е.(1968-1971). 1971 жылы факультет екіге бөлініп, математика факультетін Нурбаев У.Н.(1971-1983 ж.), ал физика факультетін Волочаев С.М.(1971-1972 ж.), Мамаев Л.И.(1972-1975 ж.) және Байтасов Ұ.Б.(1975-1983 ж.) басқарды. 1983 жылы бұл екі факультет қайта бірігіп оның деканы болып Нурбаев У.Н.(1983-1989 ж.), Мамаев Л.И.(1989-1993 ж.) қызмет атқарды.1940-1993 жылдар аралығында факультеттің физика және метематика мамандықтарының күндізгі бөлімін 6000-ға жуық студент, ал сыртқы бөлімді 3000-нан аса студенттер бітіріп шыққан. Олардың көпшілігі облысымыздың және Республикамыздың мектептерінде, жоғары оқу орындарында және өкімет орындарында лауазымды қызметтер атқарады. Атап айтар болсақ:экономика ғылымдарының докторы М.Өтелбаев,бірнеше жыл сенатор болып және ҚР қаржы министрлігінің қаржы мониторинг комитетінің төрағасықызмет атқарған; педагогика ғылымдарының докторы М.Құдайқұлов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры;педагогика ғылымдарының докторыРахымбек Д. ОҚМПИ профессоры; физика-математика ғылымдарының докторы Жұмабаев М.Ж. ОҚМПИ профессоры; Ысқақ Әкім ҚР Президенті аппаратының кадр бөлімінде жұмыс істейді.Ал Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы орта мектептердегі физика және математика пәні мұғалімдерінің 80% -ға жуығы факультетіміздің түлектері болып табылады.

            2012-2013 оқу жылында факультет деканы қызметін ф-м.ғ.к., доцент Қ.Абдрахманов атқарды.

            2013-2016 оқу жылында факультет деканы қызметін ф-м.ғ.д., профессор М.Ж.Жұмабаев атқарды.

           Қазіргі уақытта «Физика-математика» факультетін педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Б.Ибашова атқаруда. Факультетте екі кафедра жұмыс істейді: «Физика-математика» және «Информатика» кафедралары. Факультет кафедраларындақызмет атқаратын профессор-оқытушылардың ғылыми әлеуеті 65% -ды құрайды.

           Факультет5В010900-«Математика», 5В011000-«Физика», 5В011100-«Информатика»,5В012600-«Математика-Физика», 5В012700-«Математика-Информатика», 5В012800-«Физика-Информатика», мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.