Педагогикалық ұжым Елбасы Жолдауын талқылады

12.01.18

 ОҚМПУ ұжымы Елбасы Н.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылады. Маңызды жиында негізгі баяндаманы оқу ордасының ректоры, ҰҒА корреспондент- мүшесі, п.ғ.д. Оңалбай Аяшев жасады. Баяндама

"Елбасы Жолдауы–дамуға апаратын  даңғыл жол" деп аталады. Университет басшысы өз сөзінде ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап берген басты құжаттың мән-мағынасы мен мақсатын жан жақты талдап айтып берді. Басқосуда негізгі баяндамаға қатысты университеттің оқушы ғалымдары да пікір білдірді. Олар индустрияландыру, жаңа технологияларды  енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту мәселелерін, коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын қайта жаңғырту, адами капиталды жаңғырту, білім берудің жаңа сапасы, «Ақылды қалалар»  жайын сөз етті.