Студенттер үш тілде білім алуда

03.01.18
Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық университетінде оқу ордасының ректоры, профессор О. Аяшевтың қолдауымен және химия кафедрасының меңгерушісі Г. Мәдібекованың басқаруымен 2012-2013 оқу жылынан бастап химия мамандығы ағылшын тілінде оқытылып келеді. Институт мұндай жаңашылдықты оқу жүйесіне еліміздегі ЖОО арасында алғашқы болып енгізді. Сол жылы үш тұғырлы тіл бағдарламасы бойынша химия мамандығына студенттер қабылданып, ОПҚ келісімімен ағылшын тобы жасақталды. Мұнда бірінші курстан бастап екі негізгі пән ағылшын тілінде, тағы екі пән орыс тілінде оқытылды. Бұл шәкірттер ағылшын тілін толық меңгеріп, 2015 жылы оқу орнын бакалавр дәрежесі бойынша тәмамдап шықты. Ал 2017 жылдан бастап университетте таза ағылшын топтары білім алуда. Оларға басшылықтың қолдауы арқасында оқып-ізденуіне барлық жағдай жасалып отыр.