Жылды жеңіспен аяқтады

29.12.17

ОҚМПУ 2017 жылды толайым табыстармен аяқтады. Студентіміз Айдос Құлманбетов күрестен  Вильнюс қаласында өткен Европаның ашық чемпионатында жеңімпаз болып,  алтыннан алқа тақты. Жалпы бұл спортшымыз үшін биылғы жыл аса табысты болды. Балуанымыз "ЭКСПО-2017" халықаралық жәрмеңкесіне орай Астана қаласында өткен ХV әлем чемпионатында бірінші орынды иеленсе, Ашхабаттағы V Азия ойындарында да бас жүлдені иемденген болатын.