Бос лауазымға арналған конкурс

15.12.17
        Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты төмендегі лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды:
        1) Кешкі оқыту және дайындық факультетінің деканы.
         Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификаты (куәлігі) болуы тиіс.
         Факультет деканы білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, жоғары білім беру жүйесін дамыту және іс-әрекет сұрақтарын реттеу, басқа да нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
         Бос лауазымға арналған конкурсқа өтініштер (еркін нысанда) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі.
         Үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі “Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы” № 230 бұйрығының 4 бөлімінің 10-тармағына сәйкес міндетті құжаттарды ұсынады. 
         Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:
        1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
        2) өмірбаян;
        3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
        4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
        5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
        6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
        7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
        8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
        9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
       10) № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.
       Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
       Конкурс хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейінгі келесі күні сағ.15.00-де Шымкент қ., Байтұрсынов көш., №13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында өтеді (231 кабинет).
       Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Байтұрсынов көш., №13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 120 кабинет,  анықтама телефоны: 30-14-59 (кадр бөлімі).