Студенттеріміз көркем сөз оқу шеберлері байқауында топ жарды

20.12.17

Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілген "Көркемсөз оқу шеберлері" байқауында университетіміз студенттері екі бірдей жүлделі орынға ие болды. Қазақ ақын-жазушыларының әдеби шығармаларын тыңдарманға көркемдік  шеберлікпен жеткізе білген  Аманжол Мұхтарды қазылар алқасы  байқаудың 1 орнына, ал Мақпал Әбсаттарды 2 орнына лайық деп ұйғарды. Бұл екі студент университетіміздегі "Сыр сандық" әдеби бірлестігінің мүшелері. Ұлттық тіліміздің мәртебесін көтеруді мақсат тұтқан байқауды  жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарма ұйытқы болып өткізді.