Түлектерге кәсіптік бағдар берді

12.12.17

Университетіміздегі Кәсіптік бағдар  беру, жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің ұйымдастыруымен физика-математика факультетінің бітірушілерімен дөңгелек үстел өтті. Жиында  "Экономиканың жаңа моделі аясында білікті кадрларды даярлау" жобасы туралы жан-жақты сөз болып,  түлектерге «Халықты жұмыспен қамту-2020», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға»  секілді мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды.