Әзілкештер командасы ОҚМПУ қонақта

11.12.17

"Жайдарман" ойындары биылғы маусымының ең үздік командасы - "Сырдария" ОҚМПУ-де қонақта болды. Жуырда ғана Астанада жоғары лиганың кубогын жеңіп алған  топ бұл күні көрермендерге өздерінің өткір әзілдерімен, әжуаға толы сықақтарымен керемет көңіл күй сыйлады. Бұл кеште әзілкештер командасымен бірге келген Сырдария университетінің  бір топ талантты жастары да өнер көрсетті. Олар сахнада халық әндерін шырқап, күмбірлете күй шертті.