Венгриядағы ОҚМПУ кампусының ашылуы.

30.11.17

Университеттің 80 жылдық мерей тойымен  Венгриядан құттықтауға арнайы қонақ келді. Кинг Сигизмунд Университеттің ректоры Питер Сзматмари  оқу орда ұжымын мерейтоймен құттықтап, екі университет арасында  халықаралық ынтымақтастықтың стратегиясын дамыту туралы меморандумға қол қойды, сондай-ақ Венгриядағы Оңтүстік Казақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кампусын ашты.