Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

29.11.17

ОҚМПУ-нің  80 жылдық мейрейтойына орай өткен салтанатты жиында  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев оқу ордасы ұзақ жылғы тарихында даңқты беделге ие болғанын атап өтті. Басқосуда болашақ мұғалімдерді оқытып, тәрбиелеуде ерекше еңбегімен танылған бірқатар ұлағатты ұстаздар «Ыбырай Алтынсарин», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен  марапатталды. Сондай-ақ тағы бірқатар оқытушылар Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін медаліне және облыс әкімінің Грамотасына ие болды. Олардың ішінде Педагогика гуманитарлық факультетінің «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының ұстаздары да бар. Атап айтқанда,   институтымыздың ардагер ұстазы Байдыбекова Ерке Ізбасарқызы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен,  және Алиева Күләш  Сагынбайқызы облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды. Оларды  осы уақытқа дейінгі ұрпақ тәрбиелеуде атқарған  еңбегі және білім беруде қосқан үлесі үшін кафедра ұжымы атынан алғыс білдіреміз. Және марапатымен шын журектен  құттықтаймыз! Дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!