Алаш қайраткерлері ұлт мүддесі жолында

24.11.17

Астана қаласында өткен "Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясы" тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияға ОҚМПИ-ның доценті, тарих ғылымының кандидаты Қ. Анарбаев қатысып қайтты. Конференцияны өткізуге еліміздің Ғылым және білім, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері, Астана қаласы әкімдігі мен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйытқы болды. Басқосуда тарихшы ғалымдар ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлері мен зиялыларының қандай саяси партияға қызмет еткені емес, ұлт тағдыры үшін нендей еңбек сіңіргеніне айырықша тоқталды. Конференция қорытындысында олардың еңбектерін әрі қарай да жіті зерттеу, насихаттау жайында резолюция қабылданды.