“МҰҒАЛІМ” тақырыбында семинар-тренинг өтті

22.11.17

Институтымызда  үш тілде білім беру секторының ұйымдастыруымен “МҰҒАЛІМ” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке  үштілді  білім алатын топтардың студенттері қатысты.  Семинар барысында  “Мұғалім болудың бес себебі” деген тақырыпта сұрақ-жауап болды. Студенттер осы тақырыпқа байланысты өз ойларын ашық жеткізуге тырысты. Семинар  үш тілді жақсы білуге, студенттердің мұғалім болуға құштарлығын ояту, сабақта белсенділік таныту мақсатында ұйымдастырылды. Оны өткізуге “Сәлем” әлеуметтік орталығының әдіскері Драганова Татьяна Александровна ұйытқы болды.