Бос лауазымдарға арналған конкурс

20.10.17

Хабарландыру

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты төмендегі лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды (Республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің 2017 жылғы 20 қазандағы №43 (3573)):

  1. Жаратылыстану факультетінің деканы.

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификаты (куәлігі) болуы тиіс.

             Факультет деканы білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" "Ғылым туралы" "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, жоғары білім беру жүйесін дамыту және іс-әрекет сұрақтарын реттеу, басқа да нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

 

Бос лауазымға арналған конкурсқа өтініштер (еркін нысанда) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі.

Үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі “Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы” № 230 бұйрығының 4 бөлімінің 10-тармағына сәйкес міндетті құжаттарды ұсынады.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурс хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейінгі келесі күні  сағ.15.00-де Шымкент қ., Байтұрсынов көш., №13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында өтеді (231 кабинет).

            Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Байтұрсынов көш., №13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 120 кабинет,  анықтама телефоны: 30-14-59 (кадр бөлімі).