Білім ордам - мақтанышым

12.11.17

2017 жылдың 23-25 қараша күндері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 80 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Осыған орай білім ордасының барлық түлектерін, түрлі жылдарда осында қызмет еткен профессорлар мен оқытушыларды салтанатты шараның құрметті қонағы болуға шақырамыз. Мерейтой аясында институтта Әдебиет орталығы, студенттер театры, спорт алаңы ашылмақ. Сондай-ақ халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, онда оқымысты ғалымдар Қазақстанның қайта жаңғыруындағы ұлттық кодтың ролі, білім берудің замануи ресурстары, латын әліпбиіне көшу секілді бірқатар тақырыптар талқыланады. Салтанатты шара "Түркістан" сарайында қорытындыланбақ.