Студенттеріміз Қазақстан жастары конгресіне қатысады

06.11.17

Институтымыздың  студенттері Бағдәулет Нұрмат пен Сәния Нариманова  Астана қаласында өтетін Қазақстан Жастары конгресіне қатысады. Оларға жолдама  Шымкент қаласында өткізілген "Жас медиа" жобасының семинарында табысталды. «Қазақстан жастары Конгресі» ЗТБ және «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлесіп ұйымдастырған шара негізінен шығармашыл жастарды қолдауды мақсат тұтты. Семинар аясында танымал тележүргізушілер Санди Сұлтан және Гүлназ Ауданбаева 4 күн шеберлік класын өткізді. Білгір мамандар жастарға эфирде өзін өзі ұстау, дауысты дұрыс қою, дұрыс сөйлеу, репортаж жасау секілді журналистиканың қыр сырын үйретті.