Студенттер білімін тереңдетіп жатыр

01.11.17

Педагогика-гуманитарлық  факультетінің 2 курс  студенттері ішкі  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша   күзгі семестрден бастап   Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық   Университетінде тәжірибе шыңдап, әдіс алмасып жатыр.  Оларға педагогика ғылымының докторы, профессор Әйгерім  Көшербаева «Кіші мектеп жасындағы балалардың педагогикасы мен психологиясы» және «Педагогикалық шеберлік» пәндерінен дәріс беруде. Бұл байланыс алдағы уақытта студенттеріміздің білікті маман болып жетілуіне өз септігін тигізбек.