Түлектер үн қосыңыздар

26.10.17

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 80 жылдық  тарихында   көптеген  маман оқытып шығарды. Олар бүгінде еліміздің ғылымы мен білім беру саласына, өнер және спорттың дамуына зор үлес қосып жүр. Институт түлектерінің арасынан көпке белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ұлағатты ұстаздар мен білекті спортшылар дараланып  шықты. Мұндай тұлғалар оқу ордасының абыройын арттырып, оның әрі қарайғы дамуына зор үлес қосады деген сенімдеміз. Сонымен бірге оқу ордасынан білім алып шыққан шәкірттеріміз институт мерейтойын өткізуде белсенділік танытып, түлектер қауымдастығын жасақтауға ат салысады деген үміттеміз.