"ОҚМПИ АРУЫ" байқауы өтеді

26.10.17

Институтымызда "ОҚМПИ АРУЫ" байқауына дайындық шарасы басталып кетті. Оқу ордасының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатқан байқау алдағы   қараша айының басында өтпек. Қазылар алқасы қазірдің өзінде сынға қатысатын 11 бойжеткенді іріктеп алды. Енді студенттер қауымы олардың ішінен  ақылына көркі сай  аруға таңдау жасайды.