Тілеуова Сәулеш Сабырбекқызы

 

Тілеуова Сәулеш Сабырбекқызы

         Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

         Қазақстан Республикасының  “Білім беру ісінің үздігі”, Ы.Алтынсарин атындағы және  «ОҚО-ның  80 жылдығы»  медальдарының  иегері,  «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2008ж.),  Жаңашыл педагогтардың Республикалық форумында «Ең үздік портфолио» номинациясының жеңімпазы (2014ж.) және Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2009ж.).

         Бірнеше оқу құралдары, оқу-әдістемелік нұсқаулар  мен  4 электрондық ( ЖОО-на арналған ) оқу құралдарының авторы.

          Екі ғылым кандидаты мен  5 магистрге ғылыми жетекшілік жасады.

 С.С.Тілеуова болашақ кәсіби ұстаздар дайындауда студент жастар арасында сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аталған жоғары оқу орнында педагогикалық шеберлікпен ширек ғасырдан астам жемісті еңбек етіп, бірнеше жауапты қызметтер, атап айтқанда, бірнеше жылдар кафедра меңгерушісі, Ғалым хатшы, Мониторинг бөлімінің басшысы болып қызметтер атқарды.