Мұғалімдер білім берудің жаңа әдістерін үйренді

18.10.17

               

Институтта оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен  "Жаңартылған білім беру бағдарламасы" тақырыбында семинар өтті.   Оған физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Нұрсұлтан Алтаев және шетелдік маман  Toмас Веумс  қатысты. Семинарға сондай-ақ оқу ордасындағы физика-матетика, жаратылыстану және педагогика-гуманитарлық факультеттерінің  топтарына  ағылшын тілінде сабақ беретін ОПҚ   шақырылды. Басқосуда жаңартылған білім беру бағдарламасына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланып, шеберлік класы өткізілді. Семинар үштілділікті дамытуға байланысты ЖОО мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.